ОҚМПИ базасында шахмат мектебі ашылдыСпорт 

Шымкентте Жансая Әбдімәліктің шахмат мектебі ашылды

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институтында Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат мектебі ашылды. Осы ретте 14 жасар шахмат ханшайымы Шымкентке арнайы келіп, мектептің  ашылу салтанатына қатысты.

ОҚМПИ базасында шахмат мектебі ашылды

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институтының базасында ашылған шахмат мектебі болашақ гроссмейстерлерді дайындайды деген үміт те жоқ емес. Мектепте шахматқа қабілеті бар кез келген азамат дәріс ала алады.  Зайырлы ойынның қыр-сырын меңгергісі келгендерге қазақстандық,  шетелдік бапкерлермен қатар Жансая Әбдімәліктің өзі дәріс бермек.

"Шахмат ханшайымы" Жансая Әбдімәлік
«Шахмат ханшайымы» — Жансая Әбдімәлік

Айта кетейік, Жансая қыздар арасында Қазақстанның абсолютті чемпионы, Азия және әртүрлі жарыстарда бірнеше дүркін әлем чемпионы атанып үлгерді. 2013 жылы шахматтан жастар арасындағы чемпионатта екінші орынға ие болған. Сондай-ақ, Жансая өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік 100 шахматшы қыздың қатарына қосылды.

Жансая Әбдімәлік

Жансая өзінің ізінен ерген ізбасарларына ақ тілегін аямады
Жансая өзінің ізінен ерген ізбасарларына ақ тілегін аямады

Айта кетейік, мектепте бір мезетте 24 жұп, яғни, 48 адам шахмат ойнай алады. Мектеп заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ұйымдастырушылар шахмат дәрісі ақылы болатынын да жасырмайды. Ал дәрістен түскен қаржы қайырымдылық шараларына жұмсалмақ.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz