Жаңалықтар 

Түрмедегі әйелдер мерекелерін атап өтті

Әйелдер мерекесін тойлаудан жазасын өтеуші қыз-келіншектер де қалыс қалмады. Шымкенттегі ИЧ-167/4 түзеу мекемесінде 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған концерт өтті.

Опера және балет театры өнерпаздары еңбекпен түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші нәзік жандыларға арнап, ән мен жырдан шашу шашты. Тағдырдың жазуымен жаза басқан жандар да өнерден құралақан еместерін байқатты. Аналарға арналған әуезді әнді әуелетіп, жиналғандарды мерекелік көңіл-күйге бөледі.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz