Сұрақ-Жауап 

Жеміс ағашын үсітіп алмаңыз

 

Жеміс ағашын үсітіп алмаңыз
Жеміс ағашын үсітіп алмаңыз

Лашын Балабеков, ОҚО «РФДжБӘО» ММ филиалының карантин саласы бойынша агрономы:

– Сәуір айында жеміс ағаштарын жаңадан отырғы-зылатын жерге және өсіп тұрған бауларға ескі, шіріген көң тастап барып енгізеді. Суару жүйелерін тазалап, дайындайды. Жеміс беріп тұрған бауларда бұтақтарды әктеп, кесіктерді сырлап, кәуектерді, жарақаттарды бітейді, бауды толықтырады. Бірінші рет суарады, бүршік жарған ағаштарды (көктеген жерлерін) бүркіп дәрілейді. Ағаштарды алмастырып, желімдеу аяқталады. Топырақты өңдеп, ағаш діңгегінің түбіндегі, айналасындағы топырақты аударады. 

Үсікке қарсы әзірленеді. Ағаштардың үсікке шалдығумен күрес жүргізу үшін гүлдену кезінде түтін салу (ыстау) қолданылады. Түтін салудың нәтижиесінде жер бетінің сәуле өткізгіштігі азаяды. Бұл әдіс 2-3 градусқа дейінгі шамалы суықтарда ғана нәтижелі болады. Түтін салу үшін бау ішіне күні бұрын ылғал сабаннан, жапырақтардан, жаңқалардан және бықсып, бәсең жанатын басқа материалдардан бірнеше шағын шоқы үйінділер жасалады. Әр үйіндінің астына тамызыққа аздап құрғақ сабан, шөптер салынады. Үйінділердің көпшілігі баудың жел жағына үйіледі. Олар ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеген кезде, әдетте күн шықпастан 1-2 сағат бұрын тұтатылады. Егер үйінділер жалындап жанып кететін болса оларға ептеп топырақ сеуіп бықсытылады. 

Түтін салу күн шыққаннан кейін 1-2 сағатқа дейін созылады. Егер аяз болмаса, түтін салу үшін әзірленген материалдар ағаштардың түбіне себуге пайданылады. Ағаштың үсікке шалдығуына қарсы күресу үшін барлық ағаштарға ерте көктемде әк ерітіндісін бүрку ұсынылады. Мұндай ағаштар өсу дәуірін 4-5 күн кейін бастайды, сөйтіп гүлдену үсікке шалдықпайтын болады. 

Бау ағаштарының зиянкес-терімен, бұдан арғы күрес шаралары, төмендегі көрсетілген улы химикаттармен жүргізіледі. Кинмикс, 5% ВС. (0,2-0,3л/га), шерпа 25% КЭ. (0,16-0,32л/га), димилин, 48% СК, (0,1л/га), суми-альфа, 5% КЭ. (0,5-1,0л/га), каратэ 050, КЭ. (0,4-0,8л/га), талстар, 10% КЭ. (0,4-0,6л/га), Би-58, 40% КЭ. (0,8-2,0л/га), дурсбан, КЭ. (2,0л/га).

Ескертпе: Улы химикаттар, ветеринарлық дәріханаларда, «Грин маркет» сауда орталығында (Қазыбек-би көшесі.), «Садовод» сауда дүкенінде (Түркістан көшесі, қазақтелекомның жанында) сатылады. К.Э. – эмульсия концентраты. В.С. – су суспензиясы .С.К. – суспензия концентраты. С.П.- сулайтын ұнтақ.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz