Спорт 

Құт – қойшының таяғынан, Саулюстың аяғынан…

ҚР Премьер-лига командалары арасындағы ІІІ-тур ойындарынан кейін «Ордабасы командасының жаңа бапкері белгілі болды. Литвалық Саулюс Ширмялис 2011 жылдан бері Қазақстанда бапкерлікпен айналысып келеді. 2011-12 жылдары «Ақжайық» футболшыларын жаттықтырған С. Ширмялис бүгінге дейін футболдан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері міндетін атқарды. 3-сәуірде «Ордабасы» командасымен кездесіп, жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін бас бапкер қаланың тыныс-тіршілігімен танысты. Ол бұған дейін Шымкентте бірнеше рет қонақ болғанын жасырмады. Ал екі күннен соң өтетін «Ордабасы» — «Тобыл» арасындағы кездесу су жаңа бапкерге берілген «сынақ» болғалы тұр еді.

Бұл жеңіс турнир кестесінің 9-орнында тұрған «Ордабасыны» 6-орынға бір-ақ шығарды
Бұл жеңіс турнир кестесінің 9-орнында тұрған «Ордабасыны» 6-орынға бір-ақ шығарды

Әрине, шеберлік жағынан екі күннің ішінде ештеңе үйретіп үлгермегенімен литвалық жаттықтырушының қадамы командаға құт әкелген сияқты. Ал футболшыларды алаңға аға жаттықтырушы Қуаныш Қарақұлов алып шықты. Өз алаңында Қостанайдың «Тобылымен» ойнаған «ордабасылықтардың» кездесуі жартылай қорғаушы Артем Касьяновтың 30 метрден тепкен қауіпті шабуылымен басталды. Екі команда кезек-кезек шабуыл ұйымдастырып, 31-минутта жергілікті команданың пайдасына есеп ашылды. Алғашқы голды сенегалдық легионер Абдулай Диакате салды. Есеп: 1:0.

Екінші таймда есепті теңестіргісі келді ме, қостанайлық футболшылар жылдам әрі шебер ойын өрнегін көрсетті. Жергілікті команда қақпасына үш рет қауіпті соққы ұйымдастыра алды. Дегенмен «Ордабасы» қақпасын күзеткен Андрей Цветковтың қарқыны маңынан доп өткізуге мұрша бермеді. Ойынның 70-ші минутында бразилиялық Л.Фрейренің шығарып берген добын Э.Юнузович қарсыластарынан алып өтіп қақпаға дәл бағыттап соқты. Есеп: 2:0. Бұдан кейін де Л.Фрейре мен Э.Юнузовичтің ойын өрнегіне жанкүйерлер тәнті болды. Командалық ойынның ауа-райын орнатқан «екеу» 83-ші минутта қарсыластар қақпасын тағы бір тулатты. Есеп: 3:0.

9-сәуірде «Ордабасы» сырт алаңда «Ертіспен» кездеседі, ал 13-сәуірде «Ақтөбені» қабылдайды
9-сәуірде «Ордабасы» сырт алаңда «Ертіспен» кездеседі, ал 13-сәуірде «Ақтөбені» қабылдайды

«Мұндай жеңіс күнде бола бермейді» деп қуанған жанкүйерлер футболшыларды қошеметтеп шығарып салды. Құт дарытудың тізгінін «қонағына» берген қазақ жаңа бапкердің қадамын «құтқа» балады. Бұл жеңіс турнир кестесінің 9-орнында тұрған «Ордабасыны» 6-орынға бір-ақ шығарды. 9-сәуірде «Ордабасы» сырт алаңда «Ертіспен» кездеседі, ал 13-сәуірде «Ақтөбені» қабылдайды. 

Сондай-ақ, 6-сәуірде І-лига командалары арасындағы кездесулер басталды. Жергілікті «Қыран» футболшылары да «Астана-64» командасын 3:1 есебімен жеңді. Жерлестерімізге сырт алаңда да сәттілік тілейміз.

Ақмарал Аширова

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz