Жаңалықтар 

Қамшақтағы мектепке күрделі жөндеу қажет

Төлеби ауданы Қамшақ ауылындағы мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Әл Фараби атындағы орта мектеп 350 балаға шақталған. Алайда мұнда қазір 1300 тарта оқушы дәріс алуда. Құрылысы Кеңес Одағында бастауын алған ғимарат 2000 жылға дейін сақалды нысан болып келген. Ауладағы мына қаңырап тұрған бетон тіреуіштер — бой көтеруі тиіс мектеп корпустары.

Мектеп ауласындағы қосымша ғимараттың  жәйі
Мектеп ауласындағы қосымша ғимараттың жәйі

Мият  Шалғынбаев, Әл Фараби атындағы жалпы орта мектептің директоры: «Мектепті асарлатып салдық. Құрылысшылар салмаған соң, осылай жасадық. Құрылысында ақау көп. Пайдалануға 2001 жылы берілді. Бүгінде сыныптар жетіспейді.  Мәжіліс залын бөліп, ыңғайластырып, балаларды оқытып жатырмыз. Мектептің сырты жақсы сыланбағандықтан, шатыры шұрқ тесік болғандықтан, жылу беру маусымында оқушылар тоңды.»

Сыныптар жетсіпейді
Сыныптар жетсіпейді

Сыныптар жетіспегендіктен, ұстаздар бөлмесі мен шеберхана сабақ өтуге ыңғайластырылған. Тар бөлмеде бір партада үш оқушыдан отыруға мәжбүр. Үзіліс кезінде де осы қиындықтар. Бұл проблемалармен халық қалаулылары етене таныс екен.

Ерменбай Майлыбаев, Төлеби аудандық мәслихатының депутаты: «Аудан бюджетінен 35 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға мектептегі жылу жүйесі, терезелер жаңаланады. Ауладағы құрылысы бітпеген қосымша ғимараттардың жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге 4 миллион 800 мың теңге бөлінді. Жоспарланған жұмыстар кезеңімен жүзеге асады деген сенім бар.»

Төлеби ауданындағы күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің жәйі жақында өткен облыс мәслихатының тұрақты комиссиясында да әңгіме болған. Бірқатарына қаржы бөлінеді деп те шешім шығарылған.

Саттар Қуашбаев, облыстық мәслихаттың депутаты: «Мектептің құрылысы «Жол картасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылсын деген өтініш жасаған болатынмын. Алайда аудандық бюджеттен 35 милилон теңге бөлінді. Бірақ бұл қаражат мектептегі барлық күрделіктерді жөндеуге жетпейді.»

Төлебиліктердің аманатын арқалаған халық қалаулысы жетсіпеген қаржының бөлінуін қадағалауыма аламын деп уәде берді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz