Оқыс оқиға 

Өртенген көлікке арнайы техника бірден бара алмаған (видео)

“Отырар” шағынауданындағы № 56 үйдің тұрғындары қатты шошынып қалды. Түн ортасында үй ауласында тұрған жеңіл көлік өртке оранған. Оқиға болған жерге өрт сөндірушілер келуін келіпті, тек, аулаға кіретін жерді таппай абыржыған.

Әуесқой түсірілім
Әуесқой түсірілім

Бұл таспаны түнгі өртке куә болғандар түсіріп алған. Ел шырт ұйқыда жатқанда ауладағы газбен жүретін көлік қызыл жалынға ораныпты. Жарылып кете ме деп жұрт жанын шүберекке түйгендерін айтады.

Ең қиыны – оқиға орнына келген өрт сөндіру көлігі аулаға кіре алмапты. Жол үстінен өткен жылу құбырының тым төмен тартылғаны арнайы техникаға кедергі болды. Тұрғындардың айтуынша, дәл осы аулада көлік бұған дейін де өртенген.

Бағира Омпышева, “Жоғарғы Отырар” шағынауданының тұрғыны: “Біздің машина 24-ақпан күні жанды осы жерде. Бір аптадан кейін мына жерде 6 машина, ана жерде екі машинаның терезесі сындырылып, ішіндегі заттар ұрланды.

Өртпен күресушілер аулаға кіретін жер таппай жүргенде жарты сағат өтіп кетіпті. Ақыры амалын тауып сөндірген. Аулаға барар тағы бір жол болған екен. Оның үстіне ғимарат салынып кетіпті. Осынау оқиғадан шошынып қалған тұрғындар енді өз қауіпсіздігіне алаңдаулы.

Бағлан Өтеулі, Әл Фараби ауданы әкімшілігінің бас маманы: “Мұнда құбыр өтіп жатыр. Бұл ТЭЦ-3-ке қатысы болғандықтан, сол мекемеге ұсыныс жасаймыз. Құдай қаласа, құбырды көтеріп беруге ықпалымызды тигіземіз.”

Ал көліктің не себептен өртенгені әзірге белгісіз. Келеңсіз жағдайдың мән-жайын қазір өрт сөндіру қызметінің анықтаушылар тексеріп жатыр.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz