Жаңалықтар 

15-сәуір – халықаралық мәдениет күні

15-сәуір – халықаралық мәдениет күні. Жуырда Үкімет үйінде Қазақстанның бұрынғы мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәдениет саласының өзекті проблемаларын жайып салған еді. Соның бірі – қызметкерлердің жалақысының аз болуы, екіншісі – мәдениет ошақтарының ахуалы. Тіпті, Юнесконың шешімімен, дүниежүзілік мәдени мұралар қатарына енген Қ.А. Яссауи кесенісінің жағдайы да көпшілікті алаңдатып отыр. 

Қ.А.Яссауи кесенесі
Қ.А.Яссауи кесенесі

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі осыдан 11 жыл бұрын Юнесконың “Мәдени мұра” тізіміне енген. Аты әлемге мәшһүр кесенені кезекті рет жаңғырту жұмыстары өткен жылы басталған еді. 2016 жылға дейін жалғасады делінген. Бірақ сол кездің өзінде жерлестеріміз құрылыстың жүруіне қарсылық білдірді.

Батыр Мұхамеджанұлы, Түркістан қаласының тұрғыны: “Менің ойымш,а кесенені жаңғырту жұмыстары кезінде өзгеріс енгізудің еш қажеті жоқ. Мысалы, ақ жерін қарайтып, қара жерін қызартып дегендей жағдай болмауы керек. Бұрынғы өзінің кейпінде қалдырса, алғыс білдірер едік. Өзінің әдемілігін, өзінің бояуын, өз табиғилығын жоғалпаса екен.”

 

Облысымыздағы мәдениет ошақтарының барлығының бірдей жағдайы жақсы деуге келмейді. Себебі күрделі жөндеуден өтетін нысандар мен жаңа құрылыс жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Облыс бойынша 756 мәдени ошақ бар болса, оның 432-сі – кітапханалар, 268-і – мәдени ошақтар мен клубтар. Бұған қоса 26 мұражай қызмет етеді. 2 көркемсурет галереясы бар. Бәрін қоса есептегенде, 140 мыңнан астам жәдігер жиналған.

Күлия Айдарбекова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы: “Биылғы жылдан бастап әр мұражай өзінің қорындағы ең құнды кемінде 12 экспонатты зерттеп, соған байланысты аңыздар бар ма, айтылған бір деректер бар ма, соны тауып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Және оны елге танытуды қолға алып отырмыз.”

Бүгінгі күні облыстағы Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының хасбетін жөндеу жұмыстары аяқталыпты. Ал опера және балет театры мен әзіл-сықақ театарларының мәселелері де алдағы күн тәртібіне енген. Облыстық мәдениет басқармасы басшысының айтуынша, мәдениет саласында 4000-нан аса қызметкер еңбек етеді. Және басқарма мәдени-іс шарадан бөлек, жәдігерлер-мәдени мұраларды да ұлықтайды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz