Жаңалықтар 

Алғабас ауылының балалары ыңғайластырылған мектепте оқуда

Ауыл ақсақалдарының басы қосылса, әңгіме ауылдағы мектеп төңірегінде өрбиді. Өйткені, Алғабастағы 200-ден астам отбасының балалары ыңғайластырылған ғимараттарда дәріс оқып келеді.

Нұрқасым Тоқмұрзаев, Төле би ауданындағы Алғабас ауылының тұрғыны: «280 оқушы мұғалімдердің үйінде салынған ғимаратта оқып жатыр. Сыймайды. Жаңа мектеп саламыз деп, барлығы уәде береді. Балаларымыз мұғалімдерге салынған тұрғын үйде дәріс алуда. Немерелеріміз үйленіп, жылдан жылға көбейіп жатырмыз. Бізге қосымша ғимарат немесе жаңа мектеп қажет.»

Мектеп деген аты ғана бар аядай ғимаратта 265 оқушы білім алады. Шағын орталықта 25 баладан жасақталған дайындық тобы білім нәрмен сусындайды. Ыңғайластырылған сыныптар заман талабына сай емес. Бөлмедегі пештер өткен жылу беру маусымында сыр берген. Салдарынан оқушылар ауырып, көбі сабаққа толық қатыспаған.

Пеш суәрде де жағылды
Пеш сәуірде ауында да жағылды

Досымхан Нұрханов, Алғабас мектебінің шаруашылық меңгерушісі: «Спорт залымыз жаңа, оны осы ауылдың  азаматы салып берді. Онысына үлкен рахмет. Одан бөлек бір ғимаратымыз орталықтандыралтын жүйеден жылытылады. Ал мына бірқабатты ескі ғимараттар пешпен жылытылады. Наурыз, сәуір салқындау болып, өзіміз пеш жақтық. Терезені пленкамен жапсақ, санэпидемиологтар ескерту жасайды. Бізге қосымша 200 балаға шақталған ғимарат қажет.»

Бөлмелердегі әлсіз жарықтан балалардың көру қабілеті төмендеп барады деп дабыл қағады ұстаздар қауымы. Бір кездері баспана ретінде салынған ғимарат осылайша қазіргі таңда мектепке айалып отыр.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz