Жаңалықтар 

Алапесті ауыздықтауға болады

Витилиго дерті дендеп барады. Халық арасында «Алапес» атанып кеткен ауруға жер шары адамдарының 4 пайызы шалдыққан. Алайда осы дертті емдеп жүргендердің мәліметі басқа. Яғни, алапеске шалдыққандардың қатары бұдан да көп дейді. Алаңдататыны сол — ауру жасарып барады.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды

Алапесті дәрігерлер Гансен ауруы деп те атайды. Бұл дерт — жұқпалы емес, баяу өрбиді және жазылмайды. Көбіне тұқым қуалайтын дерт. Алайда соңғы зерттеулер бойынша алапес дертіне шалдыққан адаммен бірге өмір сүретіндерді де әр алты айда тексеруден өткізіп тұру керектігі анықталды. Яғни, дерт жұқпалы түрде де өрбитін формаға көшкен. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дүниежүзілік витилигоны зерттеу қоры бар. Ондағы мамандар аталған дертпен өмір сүретіндердің психо-эмоционалдық жағдайын жақсарту және ауруды өрбітпеумен айналысады.

Х.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті мен С. Асфендияров атындағы медициналық университет профессорлары бірігіп, күні кеше облыстық клиникалық ауруханада дәрігер-дерматологтар үшін арнайы конференция ұйымдастырды. Оған Нью-Йорктегі ғалымдарды шақырды. Шараның басы-қасында жүргендер — облыстық тері-венерологиялық диспансердің ұжымы.

Мұндай жиын ТМД елдері арасында бұрын-соңды болмаған. Яғни, алғаш рет күнгейде өтіп отыр. Мақсат — жалғыз. Алапеспен ауыратын адамдардың өмір сапасын жақсартып, дертті ауыздықтау. Диспансер витилиго мәселесімен 2005 жылдан бері айналысады. Арнайы «Витилиго» мектебін ашты. Науқастармен кездесіп, психологиялық, медициналық көмек көрсетуді жолға қойды. Жоғарыда айтылғандай, алапестен құлан таза айығу мүмкін емес. Бірақ, терідегі ақтаңдақтардың бүкіл денеге жайылып кетпеуін қадағалауға, тежеуге әбден болады. Мұны білген науқастардың, әлбетте, психикасына кері әсер етеді. Мектептің құрылғандығы мақсаты да осы.

Қош. Енді конференцияға қайта оралайық. Облыстың барлық дәрігер-венерологтары шетелдік дәрігерлердің лекциясын тыңдап, түрлі дәрілік препараттар туралы мағлұмат алды. Емдеу ісі бойынша шеберлік сабақтары өтті. Израиль, АҚШ, Жапония, Ресей мен Германия елдерінің озық лазерлік аппараттарымен танысты. Әлем бойынша ең тиімді ем түрі — фото емдеу. Арнайы құрылғылар арқылы науқас белгілі бір кесте бойынша ем қабылдайды. Нәтиже жоқ емес. Дертті бұл әдіс арқылы 70 пайызға дейін ауыздықтауға болады екен.

Бұдан бөлек, 20 ғалым емдеудің жаңа әдісін ұсынып, инновациялық патент алды. Дәл осы емдеу шараларымен танысқан жергілікті дәрігерлер енді науқастарымен бөліседі. Аурудың құрығына ілінгендерге үміт сыйлайды. Толыққанды өмір үшін күресуге жол ашады. Міне, конференцияның көздегені осы. Тағы бір алаңдайтын жайт бар. Алапестің балаларға «ауыз салуы» көпті толғандырады. Сәби — өсіп келе жатқан ағза болғандықтан, лазерлік ем зиян. Дәріні де мөлшерден көп іше алмайды.

Дүниежүзілік витилигоны зерттеу қорының ғалымдары енді осы мәселеге жіті көңіл бөлмек. Сәбидің саулығын сақтай отырып, ауруды тежеу тәсілін ойластырып жатыр. Осы күнге дейін 5 зерттеу жүргізіліпті. Нақтыланған тұжырым әзірге жоқ. Дегенмен, 12 жасқа дейін кешенді, одан кейін ересектерге ұсынылатын ем тағайындалып жүр бұл күні. Аурудың нақты себебі белгісіз.

Міне, осы белгісіздік қолды тұсап отыр. Соңғы дерек бойынша алапес экологияға байланысты дамып отыр. Қоршаған ортаның ластануы дертке жол ашады. АҚШ ғалымдарының пікірі де осыған саяды.

Ян Валле, дүниежүзілік витилигоны зерттеу қорының бас атқарушы директоры: «Біздің қызметіміздің негізгі бағыты — витилигомен күрес және толық зерттелмеген аурумен ауыратын азаматтардың өмір сапасын жақсарту. Қол қусырып отырған ғалым жоқ. Бәріміз де ауруды асқындырмау, өрбу себебін анықтаумен айналысып келеміз. Науқастар, көбіне, дәрігерлер ауруды емдеуде шарасыздық танытады деп түсінеді. Бірақ, бұл олай емес. Емдеудің тәсілін тапсақ, миллиондаған адамды бақытты етер едік. Әзірге қолымыздан келетіні — ауруды тежеу ғана.»

Related posts

Пікір қалдыру

20 пікір - "Алапесті ауыздықтауға болады"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Menin jqsim 19da alapes auryina waldikan siaktymin emi kai jerge barip alsak boladi kolim endi ak dak bolip jatyr 87473363692 en bolmasa osi kuinwe saktap kaluga bolama

Талғат, сізге тез арада тіркелген мекенжайыңызға қарасты емханаға бару керек. Сол жерде дәрігерлерге көріне аласыз.

кытайдан дари алып келетин бала бар сол балага хабарласыныздар 87075055189

ол кандай бала кандай дари кытайда таныстарым бар хотя бы даринин атын айтынызшы

Сәлеметсіздерме!Менде де дәл осылай денемді алапес басты ол менде 7 жасымнан бар менің бір ғана арманым осының емін тапса екен және қалай емдеуге болады.Өтініш сіздерден маған көмектесениздерші деймин өзімде медицинада оқимын Қудай қаласа қалай болсада емін табамын бірақ менде алапес өршіп барады.Жасым 21де

мен 21 жастамын.менде 7жасымнан бері бар.Бірақ биылдан бастап көбейіп барады.қытайға барып қаралып едім қандағы қарапегмент жетіспейді деп айтты не істесем болады.Бұны қай елдерде емдеуге болды.Қазақстанда қай жерде емдеп тоқтатуға болады мүмкін болса адресін жазып жіберсеңіздер

Менің танысым аты шулы «ветилиго ауруынан» толық емделіп шықты. Яғни елімізде қолданылатын табиғи ем арқылы 1,5 айдың ішінде результат бере бастады, қазір қыздың денесінде тіпті витилигоның ізі де (ақтаңдақ) мүлдем байқалмайды. (Результат суреттерін жібере аламын). Витилиго ауруы — ол ағзадағы паразиттердің әсерінен болады екен, көбі оны тек кожный заболевание деп ойлайды. Тіпті арнайы врачтар білмейтін болып шықты қазіргі таңда, себебі қазіргі батыс медицинасы бұл аурудың (витилиго) алдында дәрменсіз екендігін білерсіздер. Бұрын қыздың бармаған жері қалмаған. Біз мақтап жүрген «врачтар» неше түрлі препараттар жазып берген, яғни химикаттарды тізіп берген, ол химия дәрі-дәрмектерден витилигоның денедегі көлемі көбеймесе азаймаған еді ол кезде, бір… Ары қарай оқу »

Талғат, маған телефон нөміріңізді бересіз бе ? Алапес ауруы жөнінде сұрайын деп едім .

Алмас саламатсызба. Қызым а витилиго диагнозың қойды. Қандай маман жайлы айтып отырсыз. Қай жақтан таба аламын? Сизге калай хабарласам? Номеринизди беринизши? Меним номеримди 87753550731

Маған нөміріңізді жазыңызшы. 87023735262 хабарласыңызшы ӨТІНІШ

Айтып оырған білікті маманмен қалай байланыссам болад?

алмас сизге калай хабарласуга болады?

Бауырлар, еш дарисиз, кок тиынсыз кетирдим бул витилигоны!Бул дерт адамга ауыр тиеди психикалык жагынан, сол себепти наукастан акша жасамак болгандарды намыссыз, арсыз дер едим! Ар казах бир туганым деп тегин комектесеик!!!

Мурат бізге көмектесші сені қалай табамыз? Күйеуімде витилиго бар еді.

87789763477

Мен Нуров Багжан жасым 17-де менде витилиго ауруымен аурып журм.Маган 6 жасымнан бастап шыккан.Мен коп дарылер кабылдадым мен быр витамин уколдармен жане майз бен емделгем.Быраз жерымдегылер кетты жане калгандары катып оспей калды.Бырак 14-15 жасымнан бастап кайта осып устыме каптап кетты.маган комектесе аласыздарма.

Kalai ketirdiniz

Калай кетирдиниз, бауырым. Жазып жиберинизши, менин номерим 87015276127 маржан

Калай кетирдиниз айтынызшы. Бармаган даригеримиз калмады.

Мен алапес ауруына шалдыктым онын кандай еми бар комектесинизши

wpDiscuz