«Біз естімеген бір ән» байқауына қатысыңыз

Ел іші – өнер кеніші. Облыстық мәдениет басқармасы «Біз естімеген бір ән, бір күй» жобасын ұйымдастырып отыр. Үш ай бойы 15 аудан-қаладағы ауыл-аймақты аралаған арнайы топ 950-ге жуық шығарма жинақтаған. Қазір қолда бар ән-күй, терме-толғаулар нотаға түсіріліп, мәтіні қатталып жатыр.

Облыстық филармонияда 17-мамыр күні өтететін байқауға Сіз де қатыса аласыз. Ол үшін ел естімей жүрген халық әндерін облыстық мәдениет басқармасына әкелсеңіз болғаны, халық шығармашылығына қосқан үлесіңіз мәңгілік ел қазынасында сақталады.

Нұрлан Әділханов, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры: «Жинақталған халық әндерінің саны 114. Оның 105-нің нотасы бар. Жиырмасы жаңадан нотаға түсірілді. Ал жинақталған композиторлардың әндері – 528. Оның ішінде 140-ы іріктеуден өтіп, 12-і өңделіп, 105 әннің нотасы жаңадан жазылды. Жинақталған күйлердің саны – 150. Оның ішінде 135-і іріктеліп, 39 күй жаңадан нотаға түсірілді. Жинақталған терме-толғаудың саны – 160. Оның ішінде 130-і іріктеліп, 57-і нотаға түсірілді.»