Жаңалықтар 

Бозбаланы атып өлтіргендерді тергеу аяқталды

Жасөспірімді атып, жазым ету оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Естеріңізде болса, осыдан 2,5 ай бұрын Шымкенттегі Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойындағы Манап Өтебав колледжінің маңында тапа-тал түсте біреулер 16 жастағы бозбалаға оқ атқан болатын. Соның салдарынан оқ тиген жасөспірім мерт болып, сол жерден өтіп бара жатқан тағы бір азамат жарақаттанған еді. Оқиға бойынша дереу тергеу жүргізген құқыққорғаушылар 4 жігітті қамауға алып, біреуіне іздеу жариялаған болатын.

Енді, міне, араға 3 айдай уақыт салып, ішкі істер департаментінің мамандары істі прокуратураға жолдап отыр.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы: “Осы жайтқа байланысты қылмыстық істі ОҚО ІІД тергеу басқармасы жүргізді. Күдікті азаматтарға байланысты ҚР ҚК 3 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар: 96-бап – Топтасып адам өлтіру, 257-бап – атыс қаруымен бұзақылық жасау және 251-бап – атыс қаруын заңсыз тасымалдау және сақтау. Қазіргі таңда осыған байланысты қылмыстық іс толығымен тексеріліп, прокуратураға жолданады.”

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz