Оқыс оқиға 

Ішіп алған жүргізуші ұсталды

Шымкентте көлікті мас күйінде айдап жүрген жүргізуші ұсталды. Полицияға хабарласқан қала тұрғыны өзінің БМВ көлігін ішіп алған бір адамның айдап әкеткенін айтқан.

Ұсталған жүргізуші
Ұсталған жүргізуші

Оқиға болған жерге тішкі істер департаментінің жедел басқару орталығының мамандары сол маңдағы кезекші топты аттандырады. Тәртіп сақшыларының 870-ші экипажы көшеде кетіп бара жатқан қара түсті БМВ көлігін тоқтатады.

Құқық қорғаушылар жүргізушінің ішкен-ішпегенін анықтау мақсатында наркологиялық орталыққа апарады. Бірақ, бұл азамат алғашында сынақтан өтуге келісім бермейді. Дегенмен, әупірімдеп жүріп жүргізушіні тексерткен полицейлер куәгерлердің қатысымен оның ішіп алғанын анықтайды. Жүргізушінің өзі де бұл фактіні теріске шығара қойған жоқ.

Бұдан кейін жол-патрульдік полициясының қызметкерлері жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырды. Ал қара БМВ ақылы айып тұрағына жеткізді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz