Ішіп алып, ақшасынан айрылды (видео)

53

Ішіп алсаң, ақшаңнан айрылуың әбден мүмкін. Жақында Шымкенттің тұрғыны осындай жағдайға тап болды. Сыра ішіп алған азамат ақшасын бәске тігіп, ұтылып қалыпты.

001

Жасы 20-25 шамасындағы жігіт полицейлерге түн ішінде хабарласады. Айтуынша, ақшасынан айрылып қалыпты. Дәлірек айтқанда, теңгесін букмекерлік кеңсеге тігіп жіберген.

Жәбірленуші жігіттің өзі ішімдік ішіп алғанын теріске шығармайды. Ал мас екенін көріп тұрған букмекерлік кеңсенің мамандары менен ақша алмауы керек еді дейді.

Соңында бұл азамат арыз жазу үшін Әл Фараби полиция бөліміне жеткізілді.