Жаңалықтар Халық жаңалығы 

Ленгер атауы қайдан шыққан?

Редакциямызға «Ленгер қаласының атауы қайдан шыққан?» деген оқырман сауалы келіп түсті. 

Елдің басым көпшілігі Ленгер атауын осындағы көмір шахтасын ашқан Ленгер есімді неміс ғалымының атымен байланыстырады. Сол ғалымның есімі қала атауы болып қалып қойған дейді. Бұл кең таралған түсінік. Одан бөлек, бұл қала атауының қазақша жазылуында да екі-үш нұсқа бар. Біріншісі, Ленгер болса, екіншісі Ленгір, тағы бірі Леңгір. Орысша Ленгер деп жазады. Ономастикалық мекеме бекіткен атау — Ленгер. 

Шымкент қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Ленгер қаласы - бүгінде Төле би ауданының орталығы
Шымкент қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Ленгер қаласы — бүгінде Төле би ауданының орталығы

Енді осы Ленгер атауының шығу тарихына қатысты бірнеше нұсқаны саралап көрсек…

Шымкент қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Ленгер қаласы — бүгінде Төле би ауданының орталығы. Бұған дейінгі тарихы да қызық. Қазіргі Төле би ауданы алғашында, яғни 1931 жылы Бадам ауданы аталып, арада екі ай өткен соң 1932 жылы Ленгер атауына алмастырылды. 1936 жылы Георгиевка ауданы деп өзгертіліп, кейіннен Ленгер атауы қайта берілді. Тәуелсіздік алған соң өткені жаңғырып, аудан атауы Төле би деп өзгертілді. 

Ленгер болса, екіншісі Ленгір, тағы бірі Леңгір. Орысша Ленгер деп жазады. Ономастикалық мекеме бекіткен атау - Ленгер
Ленгер болса, екіншісі Ленгір, тағы бірі Леңгір. Орысша Ленгер деп жазады. Ономастикалық мекеме бекіткен атау — Ленгер

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен шығарылған «Тәңірлік топонимдер (Оңтүстік ономастикасы)» атты кітапта бұл атаудың шығу төркіні жөнінде бірнеше деректер келтірілген.

Кітапта Ленгер атауын Леңғар, Лаңғар сөздері негізінде алып қарастырады. Бұл сөздерге тәңірлік орфография деген сипат береді. Осылай дей келе, Ленгер — осындағы көмір кенін тапқан әсілі неміс геологы деп жазады. Артынша мұны отарлық дәуір нұсқасы деп айтып өтеді. 

014-010

Екіншісі, Леңғар — таулы жер бедерінің атауы. Алайда, мұнымен санасатын тірі пендені көрмедік дегенді қосып қояды. 

Үшіншісі, Лең — тау қойнауы; ғар – йурт-жұрт: Сонымен Леңгердің мән-мағынасы «тау қойнауындағы жұрт» екеніне көз жеткіземіз.

Сондай-ақ, Ленгер атауын «Іліңгір» өзені атауының мағынасымен де байланыс-тырады.

Жәнібек НҰРЫШ

Момбек Әбдәкім, жазушы:

– Бірнеше нұсқасы бар. Біріншісі, Ленгер деген неміс ғалымы көмір шахтасын тауып, содан қалған дейді. Ал, енді бір ел аузында қалған тәпсір бойынша, осында үлкен бір ну тоғай болған екен. Сол тоғайда шеңгел өскен. Тоғай ішінен, шеңгел арасымен өткен малдың жүніне шеңгелдің тікенектері ілініп, жабысып, малды құрсап қалады екен. Содан халық: іліңгір, іліңгір деп атап, кейіннен осы сөз өзгеріске түсіп, Ленгір деп қалып қойған. Тағы бір нұсқа, Ленгер деген өзен атауы болғанын алға тартады. Ленгер деген неміс ғалымы туралы мұрағаттарды іздеп, еш дерек таппадым. Сондықтан да, бұл нұсқа көңілге қонбайды. Екінші, іліңгір сөзінен шыққан деген нұсқаны дұрыс деп ойлаймын.

Мұхитхан Миразов, М. Әуезов атындағы ОҚМУ Гуманитар-лық ғылыми-зерттеулер институтының жетекшші ғылыми қызметкері:

– «Туған өлкеміз – тұнған шежіре» деп бекер айтылмайды. Тау мен даланың, өзен-көлдің, жер-судың, елді мекеннің атауларында алуан-алуан сырлар бар.

«Топонимика дегеніміз – жердің тілі, жер-географиялық атаулар арқылы адамзаттың тарихы жасалынатын кітап» деген бұрынғы ғалымдар. Ал атақты жазушы Мұхтар Әуезов былай дейді: «Біздің қазақ-жер атын, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білетін жұрт. Қайда, қандай бір елге барсаң да жер, су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады?!».

Ленгер атауының шығу төркіні туралы әр түрлі болжамдар бар.

Топонимист А. Әбдірахмановтың 1935 жылы жарық көрген «Топонимика және этимология» атты еңбегінде «Бұл Тәжікстан мен Өзбекстанда кең тараған атау. Зерттеуші Н.З.Розенфельдтің пікірі бойынша «якорь» мағынасындағы парсының «лянгар» сөзінен туындайды» дейді. Ал Розенфельд оны «аялдама, тоқтайтын жер» деп те түсіндіреді.

Белгілі ғалым Э. М. Мурзаев Ленгерді «қонақ үйі» деген парсы сөзі деп қарайды. Топонимист Ленгер аты көбіне ескі керуен жолдары болып өтетін жерлерде кездесетінін айтады.

ХІХ ғасырда жиһанкез Свен Гедин деген еуропалық үш жылдан аса Шығыс Түркістан, Тибет, Памир, Тянь-Шань (яғни Алатау) аймақтарын аралап, тамаша еңбек қалдырған. Сонда ол Ленгердің – Іліңгір, зәкір мағынасын беретінін тұжырымдайды.

Этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбек ағамыз Ленгер атауын — ілінгір сөзінен туындатады. Яғни Нұх пайғамбар кемесінің Қазығұртқа зәкір тастауымен байланыстырады.

Ғалымдардың пікірлерімен халық аңыздары да үндесіп жатыр. Оған мысалдар жеткілікті.

Төс елінен шыққан ғұлама Бекасыл Биболатұлының «Жұлдызнама» кітабында нұрлы мекеннің құбыла тарапында Ташкент аталса, күншығысында мыңдаған асыл тектілердің шейіт болған жері және Хасан бар деп көрсетілген. Шындығында Төле би ауданының «Қоңырбөрік» ауылының тұсында Хасан деп аталатын жер бар. Ал Хасан мен Хусан Мұхаммед пайғамбарымыздың немерелері, Әзірет Әлінің балалары.

Хасан Әзірет Әлі дүниеден өткен соң Халифатты басқарған. Сол жер «Хасанның ордасы» екі жыл тұрған жері. Сахабалардың Қазығұртқа келіп зиярат еткенінің тағы бір дәлелі «Кеме қалған» шыңының күнбатыс беткейінде «Әзірет Әлінің тұлпары аунаған» деп аталатын көкорайлы жазық бар. Исхажбабтағы тозақ отын харам қылатын қасиеті «Әбрахмат» суы Қазығұрт тауының – 1750 метр (теңіз деңгейінен) биігіндегі «Кеме қалған» шыңының тұсында.

Қазығұрт тауының айналасындағы сан түрлі жер атаулары Нұх пайғамбар кемесінің осында тоқтағанына дәлел-дәйек бола алады. Бұл атаулар бағзыдан өшпей, халық жадында сақталып бүгінге жетіп отыр.

Ойсыл қара, Қамбар ата, Шопан ата, Зеңгі баба, Шекшек атаға байланысты жыр, аңыз да топан судың осында болғандығын нақтылай түседі. Бұларды не үшін жіліктеп отырмын. Яғни Ленгер атауы ежелгі түркі сөзінен туындаған, оны парсы сөзіне апарып телудің қажеті жоқ.

Екіншіден, Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұртқа тоқтағанда оның осында якорь-зәкір тастағаны шындыққа жанасады. Мен де іліңгір сөзінен сандаған жылдар өте Леңгір атауы пайда болды деп санаймын.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "Ленгер атауы қайдан шыққан?"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын
«Ленгер» атауы қалай шыққан? – деген мақалаға орай… «Іліңгір» атауы логикаға да, тіл салтымызға да, санамызға да қайшы келмейді. Белгілі этнограф — ғалым, Ақселеу Сейдімбековтің айтқаны да, мақалада көрсетілген бұрынғы өткен шетелдік саяхатшы ғалымдардың айтқандары да дұрыс. Бұл атауға ешқандай да неміс ғалымының қатысы жоқ! Бұл ежелгі түркі сөзі «Іліңгір», яғни — зәкір (якорь) деген сөздің баламасы. Қазақтың соңғы Сыпыра шежірешісі Әлиасқар Байғұтұлынан қалған насияттарда да бұл «Іліңгір» жері туралы да айтылған. «Абылай Хан жоңғарды жер бетінен жойғаннан кейін киелі Қазығұртқа жақын жатқан Сайрам жерінде Берке Науан Хан Тәуекелден бері өткен Қазақтың 77 мың батырына арнап Үлкен Ас беріп, әр… Ары қарай оқу »
wpDiscuz