Жаңалықтар 

Миллиондаған теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті

Жамбыл облысының Жуалы ауданынан бастау алатын Боралдай өзені Бәйдібек ауданы арқылы ағып өтеді. Таудан түскен ағын сумен келетін қиыршық тас өзеннің арнасын көтеріп, жағалаудағы Қаратас пен Ақжар ауылдарына жақындап қалған. Көктем келсе тулай жөнелетін өзенді ауыздықтау үшін жергілікті билік облысқа он жылдан бері айтып жүріп, сол елдімекендер тұсынан былтыр жаз айларында үш бөгет салдырыпты. Бірақ, құрылыс сапасына табиғат-ананың көңілі толмағандай. Шайып кетіпті.

gffgngnff

ergrgrgrgree

jjjjjhggrh

Тілләбек Өзбек, Қаратас ауылының биі: “Мына жерде ауылға қарай 20-30 метр қалған. Оны бұрды. Төмен жақта да сондай. Үш жерден бөгет салды. Ал енді сол үш жерден салған дамбаны үш жерден бұзып кетті.”

jhjhgjhjjghgh

Мына ауаылға қарай ағып жатқан су – Боралдай өзенінің ескі арнасы. Ерте көктемде су көтерілсе, Қаратас елдімекенін су басу қаупі пайда болады. Сол себепті мердігер мекеме нақ осы жерден бөгет салып, өзеннің арнасын бұрмақ болған. Алайда, топан су бөгеттің қақ ортасынан жарып, жүз метрге шейін шайып жіберіпті. Мердігер мекеме 59 миллион теңге ге көтерген бөгеттердің бірі де секундына 250 текше метр жылдамдықпен аққан суға шыдас бермеген. Себебі, құрылысшылар шақырымға салған нысандардың 50-60 метрін ғана бетонмен қаптаған.

hgnhnhh

bgbbvcccv
Мұқтар Қаратаев, Боралдай ауылдық округінің әкімі: “Ол тас пен топырақтың сапасы шыдас бермейді. Өйткені, сол 1969 жылы су тасқынынан кейін Боралдайдың өзінің орталағында осындай бекеттер салынған. Оның алды плита қорапшалармен бекіттіріліп, пәленбай жылдан бері ол бекеттер ұстап тұр.”

fgfdggh

Қираған бөгеттің орнына құтқарушылар келіп, тағы топырақ үйген. Соның салдарынан ауылға кіретін арық-атыздар да бітеліп қалыпты. Қазір Қаратас елдімекені егін суына жете алмай отыр. Ал ауыл әкімінің айтуынша, бөгеттерді мердігер мекеме жыл соңына дейін қайта қалпына келтірмек.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz