Оңтүстік шенеуніктері ҚАЗТЕСТ жүйесіне дайын

521
Мемлекеттік қызметкер

Оңтүстікте мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді қаншалықты меңгерген? Атқамінерлерге ҚАЗТЕСТ жүйесінен қорқыныш бар ма? «А» корпусының тестілеуіне қатысқан шенеуніктер мемлекеттік тілден ақсаған жағдайда қандай шара қолданылады? Бұл қазір көптің көкейінде жүрген мәселе.

Артур Сложеникин
Артур Сложеникин

Артур Сложеникиннің мемлекеттік қызметкер атанғанына 4 айдан енді ғана асқан. Бүгінде ол Әл Фараби ауданы әкімдінінің халықпен жұмыс жүргізу бөлімінде бас маман қызметін атқарып жүр. Жас еңбеккердің айтуынша, мемлекеттік тілді жетік білудің қызметте көмегі көп. 

Артур Сложеникин, халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы: «Көптеген адамдар келіп, мәселелерін ортаға салады. Мысалы, үй алаңшасындағы қоқыстарды, тесілген, сынған құбырлар бойынша да бізге келеді. Көшелерінің асфальті бойынша да шағымданып жатады. Сол кезде мен тұрғындармен ортақ қазақ тілінде сөйлесіп, мәселені шешуге тырысамыз. Бұдан бөлек, іс-қағаздарды да қазақша толтырамыз. Арыз-өтініштерге, хаттарға да қазақша жауап береміз. Мемлекеттік тілге деген құрметімізді ұмытпай, күнделікті өмірде, қызметте де кеңінен қолдануға тиіспіз деп ойлаймын. Үйде ғана емес, көпшілік ортада да қазақ тілінде сөйлегеніміз дұрыс.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=sQuUC8j0NJI[/youtube]

Қазіргі қоғамда қазақ тілін меңгеру Артурға ғана емес, өзге де мемлекеттік қызметкерлерге шарт болып отыр. Себебі ҚАЗТЕСТ жүйесі енді А корпусына үміттілер үшін ғана емес, мемлекеттік қызметкер атануға тілек білдірушілер үшін дайындалған тестілеуге енгізілген. 

Берік Бекжанов
Берік Бекжанов

Берік Бекжанов, ҚР мемлекеттік қызмет істер агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы: «Сол тест бағдарламасында қазақ тілін меңгеру туралы арнайы сұрақтар болады. Үміткер сол сұрақтарға жауап береді. Оның жауабын конкурстық комиссияның отырысында міндетті түрде конкурстық комисся мүшелері есепке алатын болады.»

Айта кетейік, мемлекеттік қызмет істер агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының айтуынша, бүгінде Оңтүстікте мемлекеттік қызметкерлер 100 пайыз қазақ тілін жетік біледі. Ал ҚАЗТЕСТ жүйесінің бағдарламасы мен оқулықтары арнайы басылымдарда жарық көріп жатыр. Тіпті ғаламтор беттерінде де бар.