Оңтүстікте астық егу науқаны аяқталды

астықОңтүстікте дәнді-дақылдарды егу науқаны аяқталды. Бұл туралы еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков хабарлады.

«Тек ауа райының кейбір күндері желді болғаны болмаса, Оңтүстіктегі егіс науқаны өте жақсы өтті. Бидай-арпаны егуге техника да жеткілікті болды» деді Мамытбеков. Жаздық масақты дәнді-дақыл өңіміздегі 54 мың гектар жерге себілген. Енді мақта дақылын егу науқаны басталады.