Халық жаңалығы 

Сәуірдегі қар гүлдеген өрік пен шиені үсітуі мүмкін

Аптаның басында жауған қар Оңтүстіктің бағбандарын алаңдатып отыр. Өйткені, жеміс ағаштарының арасында шие және өрік ағаштары гүлдеген болатын. “Енді соларды үсік ұрмаса, болғаны” дейді шаруалар. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары ауа райының суытуы жаздық егістікке, оның ішінде жоңышқа мен мақсарыға әсерін тигізбейтінін айтады. Бақша дақылдары да аса зор шығынға ұшырамауы тиіс, олар пленка астына егілген. Тек жеміс ағаштарына зақым келуі мүмкін.

Шымкентте сәуірде қар жауды

Жеміс ағаштарындағы қар
Қар басқан гүл

Амантай  Әтенов, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы: “Оңтүстік өңірінде өсетін жеміс ағаштарына, әсіресе, ерте пісетін шие мен өрік сұрыптарына зиян келтірілді. Түнде аяз болса,үсік шалуы әбден мүмкін.”

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz