Шымкентке қонаққа түріктер келді

64

Шымкент қаласына түрік делегециясы келді. Тоғыз кісіден құралған топтың арасында ақын-жазушылар мен суретшілер, сазгерлер бар. Мұндағы мақсатымыз — Қазақ елімен мәдени байланысты күшейту дейді бауырлас елдің өкілдері.

Қазақстан тәуелсіздік алғанда ең бірінші құттықтап қуанған да, елімізге президенті алғашқы болып келген де — осы Түркия. Шымқалаға келген қонақтар шаһарымыздың тарихымен танысып, Арыстанбаб, Түркістандағы Хожа Ахмет Яссауи кесенесін аралайды. Түркия елінен тап осындай мәдени шарамен арнайы делегацияның бұл алғаш келуі.