Шымкентке қосылған ауылдар

014-013

Шымкенттің аумағы кеңейіп, жаңа шекарасы бекітілгені белгілі. Алайда, қала құрамына енген ауыл тұрғындарының көбі әлі нақты қай аумаққа жататындықтарын біле алмай дал. Ендеше, оқырмандарымыздың сұранысы бойынша қай ауданнан қандай ауылдар қала территориясына енгенін жариялауды ұйғардық.

Сайрам ауданынан – Жаңаталап, Игілік, Қызылжар, Қарасу, Бадам, Орманшы, Айкөл, Ақтас, Абдулабад, Базарқақпа, Тұрдыабад, Қаратөбе, Қарабастау, Бадам-2, Жұлдыз, Жалын, Ақтас, Сайрам, Исфиджаб, Қызылсай, Достық, «Тажирибисе» стансасы, Қайнарбұлақ, Мәртөбе, Шапырашты және Өтеміс ауылы;

Төлеби ауданынан – Ақжар, Елтай, Текесу, Маятас, Тоғыс және Жыланбұзған ауылы;

Ордабасы ауданынан – Көкбұлақ пен Алтынтөбе ауылы қала аумағына кірді. 

Айта кетейік, Шымкент қаласының бұрынғы территориясы 40080 га болса, енді оның көлемі 117 мың гектарға ұлғайды.