Оқыс оқиға 

Шымкентте бір сөмке қарумен жүрген жігіт ұсталды (видео)

Шымкентте екі кештің ортасында бір сөмке қару көтеріп жүрген жігіт ұсталды. Ол өінің бұл әрекетін саңырауқұлақ теруге бардым деп түсіндіруде.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Оқиға былай болған. Кешкі сағат 18-ден асқанда 102 нөмірі бойынша полицияның кезекшілеріне Шымкенттің тұрғыны (А есімді азамат) қоңырау шалады. Ол тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Айтуынша, көшеде велосипед теуіп жүрген кезінде екі жігіт қорқытып, велосипедін тартып алмақ болыпты.

Осы хабар бойынша Бадам өзені маңында кезекшілікте жүрген жол-патрульдік полициясының автоэкипажы дереу іздестіру шараларын жүргізеді. Қастарында жәбірленуші жігіт те бар. Арада жарты сағаттай өткенде күдікті жігіт (Б есімді азамат) көшеден ұсталады.

Жедел тергеу кезінде бұл сезікті жігіт болған жағдайды басқаша түсіндірді. Айтуынша, көшеде такси тоқтатып, қолын созып тұрған кезінде велосипед мінген жігіт мұның жанынан өтіп бара жатып, сөзге ілігісіп қалыпты. Оның соңы ерегіске айналған. Сонда А мұның бетіне тапанша тақаған көрінеді. Қорқып кеткен бұл қаша жөнеледі. Велосипед мінген жігіт соңынан қуған. Қашып, құтылып кеткен Б өз үйіне жақындап келе жатқанда полицейлердің қалай келгенін байқамай да қалыпты.

Ал А есімді осы уақыттың барлығында полицейлердің көлігінен түспей, тәртіп сақшыларымен бірге Б-ны іздеп жүрген. Ол табылған сәтте жазасын алар деп қуанады. Дегенмен, қуанышы су сепкендей басылды. Себебі, Б-ның қару туралы айтуы бойынша А-ны тінтіген полицейлер оның сөмкесінен бірнеше суық қаруды тауып алды. Атап айтқанда – тапанша, шаппа, темір шоқпар мен көзден жас шығаратын газ баллоны.

Осынша қаруды арқалап жүрген жігіт тәртіп сақшыларының сұрағына түк саспады. Қойылған сауалдарға еш мүдірместен жауап беруде. Айтуынша, пышақты саңырауқұлақ теруге алып шыққан. Темір шоқпар иттерден қорғану үшін керек көрінеді. Ал тапаншамен қараңғы уақытта бос бөтелкелерді атпақ болыпты.

Қалай болғанда да тәртіп сақшылары екі жігітті Әл Фараби полиция бөліміне жеткізді. Мәселенің анық-қанығы мен қарудың қайдан шыққаны сонда анықталады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz