Шымкентте жас жігіт жұбайлық парызы үшін сотқа тартылуы мүмкін

71

Некелік парызын орындау айып па? «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына шымкенттік тұрғын ерекше өтінішпен келіп, араша сұрады. Айтуынша, оның ұлын қайын жұрты сотқа беріпті.

Сотқа арызданушы құда жақ өз арызында екі жас отау құрғаннан бастап үйленген жігіт жұбайына түнімен төсекте тыным бермейтін айтқан. Ұлы сөзде ұят жоқ, тіпті, жігерлі жігіт бір түнде 7-8 рет ерлік парызын орындайтын көрінеді. Осыдан мезі болса керек, қыздың анасы «Перзентімді күйеуі зорлап жүр» деп, полицияға да арызданған. Енді күйеу жігіттің туыстары тергеушілерге өз ұлдарының некелік парызын ғана өтегенін дәлелдеумен әлек. Олар айғақ ретінде ретінде үйлену тойынан түсірілген таспа мен неке куәлігін ұсынып отыр. Қылмыстық іске, тіпті, куәгер ретінде баланың тойына атсалысқан көршілері де қатысып жатыр екен.

Үйленген жігіттің әкесі: «Баланың үстінен арызданып, зорлады деп арыз жазып отыр екен. Баланың неке қағазы, куәлігі — барлығы бар. Екеуінің отандасқанына 1 ай, 5 күн өтті. Келінді әкелуге барған кезде, мені ұрды, боқтады деп жазған. Мен ол жерде ұрған жоқпын.»