Жаңалықтар 

Шымкентте жастардың ғылыми кеңесі өтті

Индира Теміржан бүгінде Оңтүстік Қазақстан инженерлік–педагогикалық халықтар достығы университетінің ІІ курс студенті. Өз оқу орнында қолға алынған «Дамудың қазақстандық жолы және жастар» ғылыми конференциясына қатысып, үздіктер сапынан табылмақ. Жоғарғы оқу орнында педагогика және бастауыш сыныбы мамандағын меңгеріп жүрген бойжеткен айтулы конференцияда «Киелі 7 санының қасиеті» тақырыбын қорғады.

Индира Теміржан
Индира Теміржан

Индира Теміржан, студент: «Мен 7 санының қасиетін өзімнің ғылыми жобама тақырып етіп алып отырмын. Себебі қазақта 7 саны көп кездеседі. Және өз киесімен ерекшеленеді. Жеті қазына, жеті өнер, жеті ата, т.б. Менің алдағы жоспарым — республика көлеміндегі ғылыми додаларға қатысып, университетімнің абыройын асқақтату.»

Облыстық ғылыми-тәжірибелік кеңеске Индирадан бөлек жүздеген үміткер қатысты. Жастолқынның жобалары түрлі тақырыпты қаузағанымен, мақсаты бір. Педагогика саласының жаңалықтарын паш ету. Оңтүстік Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университеті басшылығы студентерге бағыт беруден жалықпай келеді.

 

 

Қайрат Анарбаев, ғылыми істер жөніндегі проректор: «Бүгінгі конференцияда дәстүр мен мәдениеттің де тақырыбы айтылды. Бұл деген — ұлттық құндылықтарымыздың белең алуы, өміршеңдігі. Студенттерді де осы бағытқа үгіттеп отырмыз. Ал кеңестің ерекшелігі — жастардың баршасына еркіндік беріп, ой-сөз бостандығын беріп, сол арқылы жас ғалымдарды анықтаймыз.»

 

Ғылыми кеңеске облыстағы ЖОО-дарының студенттері қатысты
Ғылыми кеңеске облыстағы оқу орындарының студенттері қатысты

Кеңеске 100-ден астам студент қатысты

Айтулы шарада Оңтүстік Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінің студенттері өзге қаладан келген замандастары алдында өнерлерін ұсынуды да ұмытқан жоқ. Саз аспаптарында шебер ойнай білді. Бұған қоса университет үздіктері қолөнер бұйымдарынан арнайы көрме жасапты.

Қолөнер көрмесі ұйымдастырылды
Қолөнер көрмесі ұйымдастырылды

Гүлжамал Бақытқызы, студент: «Біз бұл көрмені екі ай бойы дайындадық. Мұндағы дүниенің бәрін өзіміз жасадық. Мұндағы мақсатымыз — өзге қала-аудандардан келген замандастарымызбен тәжірибе алмасу, солардың алдында өзіміздің өнерімізді паш ету.»

160

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінің ұжымы облыстық «Отырар» кітапханасымен бірлесе жұмыс атқарып жатыр. Студенттер кітап тапшылығын тарпауы үшін. Айта кетейік, «Дамудың қазақстандық жолы және жастар» ғылыми конференциясының үздік ғылыми жобалары республикалық кеңестерде таныстырылатын болады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz