SMS жіберіп, ағаш отырғызыңыз

607

Ұялы телефонның бірнеше түймесін басып, ағаш отырғызуға болады. Бұған Kcell, Activ және Vegaline абоненттері қол жеткізіп отыр. «Kcell» компаниясы «Ағаш отырғыз» республикалық қоғамдық ұйымымен бірлесіп, «Жасыл қала» деп аталатын экологиялық жобаны іске қосты.

«Kcell» компаниясы жыл сайын тұрақты тұтынушыларына бағалы сыйлық жасап келеді. Ал биыл жылдағы дәстүр өзгеріп, «Жасыл қала» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып отыр. Компания қызметкерлері мен тұтынушылары Тәуелсіздік саябағына жиналып, көшет отырғызды.

Дәурен Жолдасбаев, «Ағаш отырғыз» қоғамдық ұйымының төрағасы: «20 тал ақ қайың, 6 шырша отырғыздық. Шымкентте әр күз бен көктемде көшет отырғызамыз. Өзімізге жақсы – жасыл-желек, таза ауа.»

«Kcell» осы жоба аясында елді көгалдандыруға қаражат жинау үшін 1101 қысқа нөмірін ашыпты. Шымқаланы жасылдандыруға СМС хабарлама арқылы атсалысқан тұрғындар «Kcell» компаниясы ұйымдастырған шараға қатыса алады. Отырғызылған ағаштар да арнайы таңдалған. Күтімі жақсы болса, бірер жылда көлеңкесінде саялауға болады.

Дәурен Сартаев, «Kcell»компаниясының  аймақтық филиалының директоры: «1101 қысқа нөміріне жіберілген кез келген SMS автоматты түрде «Ағаш отырғызу» қоғамдық ұйымының шотына 100 теңге аударатын болады. Хабарлама саны шектелмеген, сондықтан SMS-ті неғұрлым көп жіберген сайын, соғұрлым көп ағаш Қазақстанның қалалары мен аймақтарын көріктендіреді. Бұл дегеніміз – біз қоршаған ортаны қорғау үшін қосатын үлесіміздің қаншалықты маңызды екенін түсінетін қоғамда өмір сүретінімізді білдіреді.»

Қазақстандағы жетекші ұялы байланыс операторының абоненттік базасы 14,3 миллион абонентке жеткен. Бұл абоненттер ұялы телефонның небәрі бірнеше түймесін басып, ағаш отырғызу мүмкіндігін ие. Бүгіннен бастап, кез келген Kcell, Activ және Vegaline абоненттері 1101 қысқа нөміріне SMS жіберіп, акцияның қатысушысы атана алады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Jg029KCwcmA[/youtube]

Руслан Берденов, «Kcell»компаниясының корпоративтік тұтынушысы: «Атам Қазақ «Бір тал кессең, он тал ек» деген. Сол аталы сөзге сай келу үшін осы іс-шараны ұйымдастырған «Kcell» компаниясына рахмет!»

Олай болса, «Жасыл қала» акциясына сіз де қатысыңыз. 1101 қысқа нөміріне SMS жіберіп, ағаш отырғызудан құр қалмаңыз.