Жаңалықтар 

«Тұранның» тұрғындары ауызсуға жарымай отыр

«Қалада тұрады деген атымыз болмаса, тұрмысымыз ауыл ағайындарынан төмен!» «Тұран- 2» шағынауданының тұрғындары осылай деп билік назарынан қалып қойғанына қапалы. Қордаланған әлеуметтік мәселелерді қоныстанғаннан бері көтеріп келгенімен, нәтиже жоқ. Сатып алған суды бөшкеде сақтап, қайнатып ішеді. Техникалық су болғандықтан , сырқаттан көз ашпай келеміз дейді халық.

Тұран шағынауданында әлеуметтік мәселелер шешілмеген

Тұрандықтар  бөшкедегі

Задаш Қаржаубаева,» Тұран» шағынауданының тұрғыны: «Ішкен суымыз — мынау. Цистернаны 2500 теңгеге сатып аламыз. Каналдан жеткізеді, техникалық су. Адамдардың барлығы дизентерия, сарыауру болып жатыр.»

Шағынауданның бұл бөлігінде әлектр жарығы болмағандықтан, тұрандықтар майшам жағып күн кешуде. Қоғамдық көлікке жету үшін мұндағылар 4-5 шақырым жаяу жүруге мәжбүр. Салдарынан ата-аналар балаларын, тіпті, мектепке жібермеген.

Айзада Пердебаева: «Менің төрт балам бар. «Асарда» оқиды. Тасжолға дейін жетудің өзі бір қиямет. Жауында жер лай болып, балалар үйде қалады. Қыста мектепке бармады. Қалай жібереміз, жол жоқ. Қоғамдық көлік мүлдем қатынамайды.»

Әл Фараби ауданы әкімінің сөзі «Қырқына шыдаған, енді қырық біріне шыдауы тиіс» дегенге саяды. Айтуынша, мұндағы әлеуметтік түйткілдер жақын арада шешілмейді. Ауызсуды осы маңдағы желіден тарту қарастырылып жатыр екен.

Бауыржан Қалжанов, Әл Фараби ауданының әкімі: «Жақында қала әкімдігіндегі жауапты мамандармен бірге «Тұран» шағынауданында болып, жағдаймен танысқанбыз. Күре жолдың арғы жағындағы су топтамасынан уақытша суды тартуды ұйғарған болатынбыз. Қазір жобалық-сметалық құжат әзірленуде.»

Он жыл бойы тұрмыстың тауқыметін тартып жүрген тұрандықтар үшін екі жыл түк емес. Тек атқамінерлер уәдесінде тұрып, айтқан мерзімінде мәселелерді шешіп берсе болғаны дейді тұрғындар.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz