Жаңалықтар 

Тұтқындағылар таяқ жеп жатыр ма?

Шардарадағы банкті тонау қылмысна қатысты тағы шу шықты. Тоналған банктің қызметкерлерінің туысқандары облыстық ішкі істер департаментінің алдында жиналды. Ашынған жұрт қамаудағы туыстарын мәжбүрлеп мойындатқан дегенді алға тартып отыр. Олар қадағалаушы органдағылар осы істі бақылауға алсын деген талап қойып отыр.

Банкті тонады деген күдікпен қамауда отырған азаматтың ағайыны бұл күнде күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қағылған. Тергеудің дұрыс жүріп жатқанына күмәнді жұрт абақтыда отырғандардың бүгінгі ахуалына да алаңдайды екен. Айтуларынша, жаза күтіп отырғандардың денесінде сау тамтық жоқ. Күйттегендері — әділдік.

Гүлнәр Естаева: «Ұрған, соққан, көк тамырына укол салған. Баламның бет-аузының барлығы ісіп кеткен. Мына қолдарындағы дақ әлі кетпеген. Мен оны терезенің арғы жағынан көріп тұрмын,әлі бетпе-бет көргенім жоқ. Мына қолдары көгеріп, қап қара борлып кеткен.»

Айта кету керек, бұл оқиға 2013 жылдың желтоқсан айының ортасында жасалған. Қылмыскерлер өз ойларын небәрі 14 минут ішінде жүзеге асырған болатын. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, осы уақыт ішінде олар терезелердегі торларлы кесіп, камераларды өшіріп, сейфті ашып, 63 миллион теңгені қолды қылып, іздерін жасырып үлгерген.

Тәртіп сақшылары сырттан келген адам бұл әрекеттерді 14 минут ішінде жасай алмайды, демек, ұры да іште болған деген күдікпен сезікті ретінде 1987 жылы туған банк күзетшісін ұстайды. Үш ай өткеннен кейін Халық банктің Шардарадағы филиалының қызметкерлері ірі мөлшердегі ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен қолға түсті. Ал ішкі істер департаментінің мамандары тұтқындағылардың туыстары келтірген мәліметтер бойынша арнайы тексеру жүргізілетінін айтты.

Зарын айтып, полиция департаментіне келгендердің қатарында күдікті ретінде ұсталған, банкке сол күні күзетке түскен Асан Жарабаевтың ағасы да бар. Сондай-ақ, сол банкте штаттан тыс жүргізуші болып жүрген Мұстафа Әлімжановтың анасы мен Ержан Минайдаровтың анасы да осында. Олардың айтуынша, туыстарына жасамағанды жасады деген айып тағылып отыр екен.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz