Жас аспаздар жүлделі оралды

Шымкенттегі №6 колледждің (бұрынғы кәсіптік-техникалық лицей) студенттері Алматыдан олжалы оралды. Республикалық жас аспаздар арасындағы «Ақ дастархан» байқауында Арыслан Оразбай – қола, Руслан Амантаев – күміс, ал Анастасия Бессонова алтын медальды жеңіп алды.

_MG_9605

Колледж студенттері үш жыл бойы топтық жарыста сынға түссе, биыл жекелей сайыста бақ сынапты.  Руслан «Балық етінен жасалған тағам» аталымы бойынша  жүлдегер атанды.

_MG_9654

Ал Анастасия «Аспаздық шеберлік» арт-класс номинациясында үздік шықты.

_MG_9574

Оның биіктігі бір метрге жуық қазақы ою-өрнекпен безендірілген «Сәукеле» атты торты көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Жас қыз осы тәтті тағамды пісіру үшін бір ай дайындалғанын айтады.

_MG_9477

Шәкірттерінің табысты оралғанына ұстаздары дән риза. «Алматы және Павлодар облысынан келген жас аспазшылар дәмді тағам әзірлеп, қазылар алқасын таңдандыруға тырысты. Бірақ, біздің шәкірттер үмітті ақтай білді. Біз даярлаған мамандар тек Шымкентте ғана емес, өзге өңірлерде де сұранысқа ие. Аспаздық бір қарағанда екінің бірінің қолынан келетін мамандық сияқты. Бірақ, оның да өзіндік құпиялары, қыр-сыры көп» дейді өндірістік оқу шебері Фарида Тұрғынбайқызы.

_MG_9622