Жаңалықтар 

Қаламгер Рахым Балабиев халыққа есеп берді

“Қаратау қыраны”. Шымкентте Жазушылар одағының мүшесі, мәдениет қайраткері, сазгер Рахым Балабиевтың шығармашылығына арналған кеш осылай аталды. Жасынан жырға құмар қаламгердің авторлық кешіне оқырмандарымен қатар қаламдас достары да арнайы келіпті.

Кеште ақынның әндері орындалды

Салтанатты жиын аясында жиналған қонақтар кеш кейіпкеріне құттықтау айтып, шығармашылық табыс тіледі. Ал есеп беру кеш ақынның “Кентауым” әнінен бастау алды.

Рахым қажы Балабиев
Рахым қажы Балабиев

Рахым Балабиев, ақын, сазгер: “Әттеген-ай деп жүрген тұстарым көп. Мәселен, өзімнің көп томдық жинағымды шығара алмай жүрмін. Енді соны қолға алып, 80 жылдығымда жарық көреді деп жоспарлап отырмын. Мен әдебиет тақырыбында, лирикалық, діни тақырыптарда көптеген өлеңдер жаздым. Бүгінде мыңнан астам жырларым бар. Ал менің өлеңімдерімнің ерекшелігі – өте жеңіл оқылады. Әнге өте лайықталып, сазгерлерден ән сұрап тұрады. Жүз шақты өлеңімнің әні бар.”

Мархабат Тұрсынханқызы, оқырман: “Алғашында Кентауға барғанымда сол өңірдің әнұранына айналған әнді құлағым шалып қалды. Өте тамаша жазылған. Сырға толы. Қосыла шырқадым. Сол сәттен бастап-ақ Рахым ағаның өлеңдеріне деген құмарлығым пайда болды. Ол кісі рет қажылыққа барып келіп, ислам діні тақырыбына да поэзияда кеңінен қалам тарта білді. Ең бастысы, өлеңдерінде тек шындықты ғана жазады. Алдағы уақытта да жаңа туындыларымен қауышамыз деп ойлаймын.”

Айта кетейік, бүгінде 80-ге таяған ақын Рахым Балабиев оқырмандарына 15 жыр жинағын сыйлап үлгерген. Оның ішінде қазақ эстарадасының жарқын жұлдыздарының орындауындағы әндері де көп.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz