Жаңалықтар 

Әбілсейіт Рабаев сот залынан босатылды

Сот залынан босатылсын! Осыдан бір жыл бұрын, дәл 4-мамыр күні қамауға алынған экс-шенеунік Әбілсейіт Рабаев сот залынан босатылды. Оның мемлекет қаржысын талан-таражға салған деген кінәсі дәлелденбеді.

2013 жылдың 4-мамырында қаржы полициясының қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Әбілсейіт Рабаевты қамауға алған еді. Басқарма бастығына жөнделмеген жолдар үшін мердігер мекеменің есеп-шотына 131 миллион теңгені заңсыз аударған деген айып тағылған болатын.

Талғат Қахаров, Әл Фараби аудандық сотының судьясы: “Сот үкім етті – Рабаев Әбілсейіт Байсейітұлы тағылған айып бойынша кінәсіз. ҚР ҚК-нің 176-бабы, 4-бөлігі, “б” тармағымен тағылған айып бойынша ақталсын. Бас шарасы қамауға алынған Рабаев деру сот залынан босатылсын”

Экс-шенунікке “Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету” деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалғаны баршаға мәлім. Міне, тағылған айыпқа қатысы жоқ екені дәлелін тапқанша 1 жыл бойы ол қамауда отырды. Рабаев сот залынан шығарда “Әділ шешім шығарғаныңыз үшін рахмет, судья мырза!” деп, алғысын білдірді.

Осы іс бойынша төрағалық етуші судья Талғат Қахаров тілшілерге берген сұхбатында, Рабаевқа тағылған айып дәлелін тапқан жоқ дейді. Өйткені, “Шаян-Мыңбұлақ” тасжолы, расында, жарамсыз халде болған бұрын. Кейіннен жолға жөндеу жұмыстары қажет болғаны сотта анықталған. Демек, жолға аударылған қаражат жөндеу жұмыстарына жұмсалған. Сарапшылар арнайы сол жолдың басына барып қайтқан көрінеді.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "Әбілсейіт Рабаев сот залынан босатылды"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

әділдігіңіз үшін рахмет, алқа биден халық әрқашан әділдікті сұрайды, іске сәт Абілсейіт мырза

wpDiscuz