Жаңалықтар 

«Амагел» жан-жануар асыраушыларға көмекке келеді

Енді ит пен мысық, тіпті, тотықұс асырасаңыз, ауыртып аламын деп қауіптенбеңіз. Нарықта соңғы 4 жылдан бері сапалы ветеринарлық препаратымен танымал «Амагел» компаниясы қызметіңізге әзір. Бастапқыда шағын ғана мекеме болып жұмысын бастаған көтерме сауда компаниясы бүгінгі күні сақтау қоймасын ашып, Оңтүстіктің өзінен бірнеше нүктені жұмыс істетіп қойған.

АмагелЖан-жануарға қажетті дәрі-дәрмектің 2 мың түрін өндіретін «Амагел» компаниясы көтерме нарықта Қазақстаннан бөлек Ресей мен Еуропа елдеріне де тауар жеткізеді. Мұндағы әрбір дәріге айрықша көңілдің бөлінетіні соншалық, дәрмектің дұрыс сақталуы үшін арнайы температурада ұстау жағдайы да қарастырылған.

 Мұндағы әр препарат бір аурудың дауасы. Дәрмектердің емдік қасиеттері жайлы мұндағы кез келген қызметкер сағаттап сөйлеуге дайын. Мәселен, осы дәрілердің ішіндегі жануарлардың артрозын емдеуге арналған гель айрықша сұранысқа ие. Оны қолдануға, тіпті, адамдардың өзі құмартып тұратын көрінеді. Ал жылқылардың сабынсуын тақ тұяқтыға емес, адамдар өздеріне сатып алады екен.

«Амагел» компаниясы мысыққа арналған арзан тағам да өндіреді. Осындай шетелдік тауарлармен салыстырғанда «Амагелдің» өнімі 3 есе арзан. Өзінің 4 жылдық тәжірибесінде аталмыш компания нарықта тұрақты әрі кемел келешегімен танымал болып үлгерді.

Малдың азық-түлігі мен дәрі-дәрмегін өндіруші серіктестік сізді әріптестікке ғана шақырып қоймай, арнайы жеңілдіктер мен бонустардың бар екенін де есіңізге салады. Тіпті, тауарды ақысын бөліп төлеу арқылы да сатып алсаңыз болады екен. Бұдан бөлек тегін дәрігерлік кеңес пен препаратты тегін жеткізу де «Амагелдің» мойнында.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz