Астана қаласында әскери шеру өтті

372
Әскери қызметкерлер сап түзеді

Ұлы жеңіс және Отан қорғаушылар мерекесіне арналған әскери жасақтың шеруі Астана қаласында өтті. Шымкенттегі Әл-Фараби алаңында көпшілік назарына тікелей көрсетілімі ұсынылды.  Салтанатты парадтың ерекшелігі сол – тек Отандық әскери техникалар жұмылдырылып отыр.

 

Тікелей көрсетілім
Тікелей көрсетілім

Еліміздің бас әкери шеруін бастап берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, барша халықты мерекемен құттықтады. Мерекелік шара Бас қаладағы «Қазақ елі» алаңында өрбіді. Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Республикалық гвардия сарбаздары мен қызметкерлері салтанатта сап түзеп өтті .

Әскери қызметкерлер сап түзеді
Әскери қызметкерлер сап түзеді

2500-нан астам әсери қызметкер қатысқан шеруді біздің жерлестеріміз де орталық алаңдағы тікелей көрсетілімнен тапжылмай отырып тамашалады. Мерекелік парад қатысушылары әскери жасақтың қауқарын барша жұрт алдында паш етті. Бұған қоса  300-ге жуық әскери техника мен жеке құрамының 600-ге жуық өкілі алаңнан айнала жүрді. Парадқа 56 ұшу аппараты жұмылдырылыпты. Бұны қоспағанда, «Қазақ елі» алаңының үстінен 75 авиациялық техника бірлігі ұшты. Мұны өзге де қалалардан көшірген әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов.

Әбдірахман Жиренов
Әбдірахман Жиреновпен бірге

Әбдірахман Жиренов, ҰОС ардагері: «Қазір тікелей эфирден мерекелік парадты көріп отырмын. Өте қуанып, жүрегім жарыларға шақ қалды. Мұндай әскери шеру Қазақстанда бұрын соңды болмаған. Біздің мемлекеттің әскерінің қайраты мен күші мықты! Дамып жатыр, барлығы да жаңаланған. Қару-жарақтар да озық технологиямен жасақталған. Біз мұндай әскерімізді мақтан етеміз!»

Алаңдағы телекөпір
Алаңдағы телекөпір

Осынау парадқа қатысу және жаттығу үшін еліміздің барлық әскери бөлімдері мен гарнизондарынан таңдаулы әскери қызметкерлер іріктелініп алынған. Бұған біздің өңірдің де жүздеген әскери сарбаздары мен шенділері жол тартыпты. Бұл әскери жасақтың – жүйелі қызметін көрсетсе керек.

Көрермендер тікелей эфирден көз алмай отырды
Көрермендер тікелей эфирден көз алмай отырды

Талғат Әліқұлов, ОҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы: «Бүгін баршамыз ҚР Қарулы Күштерінің қауқарына тәнті болып, оның жетістігінің куәгері болып отырмыз. Бұл айтарлықтай жеңіс! Ал қазіргі уақытта барлық өңірдегі әскерлерде жағдай жақсы деп айта аламын. Сарбаздардың әлеуметтік жағдайы, олардың киімдері, тұтынатын тамақтары да жақсы. Олардың жаттығу-сабақтары да заманауи үлгімен өтіледі. Сондықтан еліміздің әскери жасағы дәл қазіргі уақытта үлкен қарқынмен дамып жатыр».

Сарбаздар
Сарбаздар

Кәсіби шеберлік пен үлкен міндетті талап ететін әскери шеруге қатысушылардың жауапкершілігіне тәнті болысты көпшілік. Парад болашақ Отан қорғаушыларға да рух берді.
Марат Бекбау, №9 мектептің оқушысы: «Менің жасым 14-те. Мектепте оқимын. Болашақта әскерге барамын. Елімді қорғаймын. Алға, Қазақстан!»

Жерлестеріміз тапжылмай тамашалап отырды
Жерлестеріміз тапжылмай тамашалап отырды

Сүлеймен Жетпісбаев, №47 мектептің оқушысы: «Әскери парадты тамашаладым. Менің де солай жүргім келеді. Алдағы уақытта мен де әскерге барып елімнің сенімі боламын. Көк туымыздың көкте мәңгі желбірегенін қалаймын. Бұл үшін біз оқып, білім алып, елдің патриоты болуымыз қажет!»