Жаңалықтар 

Азық-түлік қауіпсіздігі алаңдатады

Азық-түлік қауіпсіздігі алаңдатады. Нарыққа шығарылатын тамақ өнімдері бәсекеге қабілетті болуымен қатар тұтынушыларға қауіпсіз болуы шарт. Сондықтан өнім өндірушілер де, оны халыққа жеткізетін кәсіпкерлер де тауарлардың санитарлық талаптарын қатаң қадағалау керек.

Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының облыстық филиалында өткен семинарда Кедендік Одақ арқылы өтетін тамақ өнімдерінің талаптары талқыланды. Сала мамандары, әсіресе, ет және сүт өнімдерінің сапасын жіті бақылауға кірісті. “Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” мекемесі ОҚО филиалының директоры Әлмира Әжімұратованың айтуына қарағанда, біздің өңір сыртқа сүт және ет өнімдерін шығаруда белсенді.

Одақ бекіткен жаңа талаптарды, ең алдымен, осындай кәсіпорындарға енгізу қажет. Әйтепесе отандық өнімдерге сұраныс болмай қалады. Сондықтан биылдан бастап сыртқа тауар шығаратын кәсіпорындар ХААСП халықаралық жүйесін енгізізуге күш салу қажет. Ал тың технологияға қырың қарайтын кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz