«Бір халық, бір ел, бір тағдыр» фестивалі аяқталды

376

Оңтүстіктің дарынды мектеп оқушылары анықталды. Жыл бойы «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» фестиваліне белсене қатысқан оқушылар арасынан оқ бойы озық шыққан шәкірттер арнайы мараптқа ие болып отыр.

Сәтдәулет Сүлейменов
Сәтдәулет Сүлейменов

Сәтдәулет Сүлейменов сахнаны жандандырып, көпке мерекелік әсер сыйлады. Түлкібас ауданандағы Макаренко атындағы мектептің оқушысы фестивальде қаламгер Қанат Қалтайдың алғашқы тырнақалды туындысын орындап шықты.

Сәтдәулет Сүлейменов, А.Макаренко атындағы мектептің оқушысы: «Мен34 қазіргі орындаған әнім – «Ассалаумағалейкум» әні. Шынымды айтсам, 1 апта бойы дайындалдым. Қызу дайындық болды. Енді, міне, сахнадан түстім, шамалы қобалжу да бар, қуаныш та бар. Алда арманым көп, киноактер немесе әнші болғым келеді.»

Шәкірттер үшін «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» фестиваліне қатысушылар сапынан табылудың өзі оңайға түскен жоқ. Жыл бойы «Әнді сүйсең , менше сүй» сайысы нағыз күміс көмейлерді анықтаса, «Көркемсурет», «Дизайн», «Көркем сөз», «КТК ойынындары» шығармашыл жастардың қиялдарына жан бітірді.

Бақытжан Есенқұлов, облыстық білім басқармасы мектеп олимпиадаларын өткізу орталығының директоры: «Жылдан-жылға оқушылардың әсемдікке, әдемілікке, сахна мәдениетіне, киім үлгісіне, сосын, халқымыздың көнеден қалған дәстүріне көңіл бөліп, қазір жаңаша түрлендіріп, жарыққа шығаруына көңіліміз толып жүр. Насихаттауына да дән ризамыз. Бұл – оқушылар мен оларға тәлім-тәрбие беретін үйрететін ұстаздардың да еңбегі деп айта аламын.»

Оқушылардың көрмесі
Оқушылардың көрмесі
"Неке құю" бейнесі
«Неке қию» бейнесі 

Бүгінгі қорытынды кеште шәкірттердің қолөнер көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды. Әр аудан-қаладан келген үздіктер алдағы күндері республикалық додаларға ешбір іріктеусіз жолдама алмақ. Айта кетейік, оқу жылы бойы өрбіген «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» фестиваліне облысымыздың 10 000-ға жуық оқушысы қатысыпты. Облыстық білім басқармасының басшылығы айтулы фестиваль келер жылы қыркүек айынан бастау алады деп жоспарлап отыр.