Дауылдың дүрбелеңі

101

Оңтүстік Қазақстан облысының біраз ауданы мен Шымкенттегі қатты жел 4 күннен бері әлі басылмай тұр. Дауыл халықты біраз әбігерге салып қойды. Тіпті, адам шығыны да бар. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар өздері түсірген фотосуреттерді жариялауда. Соның бірі — Сайрам ауданындағы аурухана маңында орын алған келеңсіз жағдай. Қатты желдің кесірінен үлкен су мұнарасы құлап, Жигули көлігін басып қалды. Салмағы бірнеше тонна болатын алып темір көліктің быт-шытын шығарған. Осы сурет авторының айтуына қарағанда, жүргізуші бұл уақытта көлікте болмаған екен.

 

 

 

005

002

Суреттерді түсірген — Сайрам ауылының тұрғыны Әлішер