Көкнәр еккен ақсақал

462
Күдікті ақсақал

Арыстық ақсақал ауласында көкнәр өсіріп келген. Арыс аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның үйін тексеру барысында тыйым салынған өсімдіктің жайқалып тұрғанын анықтады. Қазір қарт кісіге қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр.

Күдікті ақсақал
Күдікті ақсақал

Ақсақал қылмыстық жауапқа тартылатынына емес, еккен көкнәрдің «қызығын» көре алмайтынына қапалы секілді. Жетпістің жетеуін жасаған қарттың айтуынша, ол көкнарды өзі пайдалану үшін өсіріпті. Зейнеткердің ауласынан көкнәрдің 1599 түбі тәркіленіп алынды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=I9PUuKpOUsA[/youtube]

Арыстың тәртіп сақшылары өсімдіктің әр түбін біртіндеп жұлып тастады. Сөйтіп сараптамаға өткізген. Ал сарапшылар табылған өсімдіктің есірткілік зат екенін анықтап берді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gxlcz2YbUHk[/youtube]

Жажпы, жыл басынан бері Оңтүстікте тыйым салынған есірткіні өсіру бойынша 12 дерек анықаталыпты.