Оқыс оқиға 

Мектеп оқушылары бүлдіршінді құтқарды

баланы құтқардыМектеп оқушылары суға кеткен баланы құтқарып қалды. Қазығұрт ауданында жасөспірімдер ерлік жасады. «Шарбұлақ» жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қыдірәлі Сыздық пен 9 сынып оқушысы Тұрар Санай 2 жасар бүлдіршінді өлім аузынан арашалап қалды. Жас құтқарушылардың айтуынша олар мал суғаруға шыққан. Содан Шарбұлақ өзенінде сәбидің ағып келе жатқанын байқап қалады. Осы кезде Қыдырәлі ойланбастан суға сүңгіп, баланы судан алып шыққан. Сөйтіп киімдерін шешіп, кішкентай Әлиханды орап алыпты.

Қыдырәлі Сыздық, 11 сынып оқушысы: “Біз алғашында қуыршақ деп ойладық, жақындап келгенде адам екеніне көзіміз жетіп, ойланбастан суға секіріп, баланы судан алып шығып, тез арада алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырдық”.

Алғашқы жәрдем көрсетуді мектепте үйренгендігінің арқасында, жасөспірімдер 2 жасар Әлиханға екінші рет өмір сыйлады. Бүлдіршіннің анасы болса сәбиін аман алып қалған Қыдырәлі мен Тұрарға алғысым шексіз дейді.

Ләззат Намазова, Әлиханның анасы: “Балапанымның көз алдымда тірі жүргені осы жігіттердің арқасы, мен бұларға қашанда қарыздармын. Осындай ұлдарды тәрбиелеген ата-аналарына алғысым шексіз”.

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz