Оқыс оқиға 

Мереке күндері Оңтүстікте 3 адам суға кетті

Оңтүстікте суға бату оқиғасы тыйылар емес. Мереке күндері облысымызда 3 бірдей адам суға батып, көз жұмды. Арасында 7 жасар жеткіншек те бар. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта судан құтқару қызметінде 63 сүңгуір қызмет етеді. Арнайы техникалар мен құтқару құрал-жабдықтары қажеттінің 76 пайызын құрап отыр. Алайда тұрғындар құтқару қызметінің бақылауынан тыс аймақтарда шомылып, қайғылы оқиғаға тап болуда.

Мұрат Төртбаев, облыстық төтенше жағдай департаменті судан құтқару қызметінің оқу және алдын алу жұмыстары жөніндегі аға әдіскері: “9 мамыр күні Қайнар көлінде 1976 жылы туылған азамат түскі сағат 12:30-дар шамасында шомылып жүріп, суға батқан. Оның денесін сол күні судан құтқару қызметі судан алып шықты. Екінші жағдай Шымкент қаласында орын алды. 10-мамыр күні Герцен көшесі бойында 7 жасар қыз баласы өз үйіндегі бассейнге батқан. Бұған ата-анасының қарауынсыз қалғаны себеп болып отыр. Оның мәйітін жедел медицина қызметінің мамандары алып шықты. Ал үшінші қайғылы жағдай 9-мамыр күні Төле би ауданында болған. Сайрам су өзеніне батып кеткен жеткіншектің жасы небәрі 18-де.”

Айта кетейік, өткен жылы облыс көлемінде 28 адам суға кетіп мерт болған. Ал биылдың өзінде 10 адам суға кеткен. Оның жетеуі – жас бала.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz