Жаңалықтар 

Оңтүстікте 200 мыңнан астам егде кісі жұмыссыз

Зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмыспен қалай қамтимыз? Қазақстанның коммунистік халық партиясының Оңтүстіктегі комитеті осы мәселені көтерген дөңгелек үстел жиынын өткізді.

жұмыспен қамтуОлардың зерттеуінше, бүгінгі күні облыста 50 мен 59 жас аралығындағы экономикалық белсенді 220 мыңдай азамат бар екен. Оның 103 мыңы ер азамат болса, 116 мыңын нәзік жандылар құрайды.

Егде қызметкерлердің жұмыспен қамтылмауының басты себебін партия өкілдері белең алған капитализмнің кесірінен көреді. Яғни, егде кісілердің жұмыстан шеттеп қалуына жиі жағдайда жеке кәсіпкерліктің тым көптігі ықпал етеді екен.

Осындай фактілерді алға тартқан коммунистер арнайы резалюция толтырып, жоғары жаққа жіберді.

Нұрлан Қадырқұлов, ҚКХП ОҚО комитетінің бірінші хатшысы: «Біздің ұсынысымыз, біріншіден, зейнеткерлікке жақындаған кісілердің жұмысқа үміткер ретінде түйіндеме қорын ашу керек. Екіншіден, арнайы бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру керек. Үшінші, егде жастағы азаматтарды жұмысқа қабылдайтын үкіметтік емес ұйымдардың санын көбейту қажет деп отырмыз.»

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz