Оқыс оқиға 

Полиция қызметкері қарт кісіні құтқарды (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшысы өзіне қол жұмсақ болған 75 жасар қарияның өмірін сақтап қалды. Оқиға 6-мамыр күні орын алды.

Қарт кісіге көмек көрсетіліп жатыр
Қарт кісіге көмек көрсетіліп жатыр

Түнгі сағат 22:00 шамасында Бадам өзені бойындағы кезекшілікте жүрген жол-патрульдік полициясы полкінің взвод командирі, полиция аға лейтенанты Жаңабай Жарасовқа жасөспірімдер көмек сұрап келеді. Олардың айтуынша, Бадам өзеніне белгісіз әйел секіріп кеткен.

Оқиға орнына дереу жеткен 29 жасар тәртіп сақшысы өзенге батып бара жатқан қарияны көріп, оны құтқару үшін еш ойланбастан суға секіреді.

Жарасов  Жаңабай
Жарасов Жаңабай

Жәбірленушіні судан алып шыққан соң полиция қызметкері рация арқылы кезекші бөлімге және жедел жәрдемге хабар береді. Анықталғандай, жәбірленуші 1939 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. 75 жасар қария не себептен мұндай қадамға барғанын айтқан жоқ.

Аталған жайттан соң полицейлер жәбірленушінің туған-туысқандарына хабар беріп, олар қарияны үйіне алып кетті. Бүгінгі таңда ОҚО ІІД-де Шымкент қаласы тұрғынының өмірін ажалдан арашалап қалған тәртіп сақшысын марапаттау жөнінде мәселе қаралуда.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz