«SAMSUNG» бренд өнімдерінің көрмесі

503

«SAMSUNG» компаниясы жерлестеріміз үшін тосынсый жасады. «Шымкент» мега орталығының алдында компанияның бренд өнімдері қойылған көрме өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған шараға шымкенттіктер мол жиналды.

Ел аумағында қолға алынған шара Алматыдан кейін Шымкентте жалғасын тауып отыр. «Самсунг» компаниясының қонақтары инженерлердің жетістігі және дизайнер-технологтардың әдіс-бағыттарымен танысып, тәнті болып жүр. Бұл көрме – әлемдік бәсекеге қабілетті компания тұтынушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Jzo3jf-wTZ4[/youtube]

Диар Досходжаев, «Samsung Electronics» компаниясы корпоративті маркетинг департаментінің жетекшісі: «Ең басты мақсатамыз – біздің күрделі технологиямызды тұтындыру және көрсету. Оп-оңай қолданылады, қарапайым интерфейс деген – осы. Мұның бәрін көрсетіп, біздің тұтынушыларымызға дәлелдеу, олардың сүйікті компаниясымен бірге жаңа бастамаларға шақыру.»

Шымкенттіктер мерекелік шарада бренд-компанияның жаңа өнімдерімен танысып қана қойған жоқ. Шоу-бағдарламаның ұтыс ойындарына қатысып, жолы болғандары «Самсунгтың» бағалы сыйлықтарына ие болды.

«SAMSUNG»-тың заманауи теледидары

Компания кеңесшілері қала тұрғындарын техно-фестивальмен таныстырды. Биыл жасалған өнімдер арасында заманауи теледидарлары мен «Самсунгтың»  өзге де техникалары көрменің төрінен орын алды. Жерлестеріміз кір жуғыш машиналар мен «Твин Чамбер» шаңсорғышын, сондай-ақ, мұздатқыштардың жаңа үлгілерін бағалауға да мүмкіндік алды.

Алиса Кобченко, қала тұрғыны: «Байқауларды өте қызықты етіп ұйымдастырған. Қуана қатысып жатырмыз. Мен үшін «Самсунгтың» жаңа өнімдерімен танысу – үлкен мәртебе. Себебі, мен тек осы компанияның өнімдерін тұтынамын. Менің отбасым да «Самсунгтың»  ұсынған тұрмыстық техникаларын қолданады. Сапасына ризамыз!»

«SAMSUNG»-тың щаңсорғышы

Жерлестеріміз үшін «Самсунг» компаниясы жаңа өнімдерін сыйлаумен шектелмеді. Белгілі қазақстандық шоумен Адам Гиль және эстрада өкілдері «Домино» тобының қатысуымен керемет кеш өтті. Компания басшылығы осынау таныстырылым-көрмені Қазақстанның өзге де алып қалаларында өткізуді жоспарлап отыр.