Жаңалықтар 

Әрқашан күн сөнбесін!

“Әрқашан күн сөнбесін”. Осындай тақырыпта халықаралық балаларды қоғау күніне орай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында балабақша тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Онда балғындар мұражай жәдігерлерімен танысып, тарих тереңінен сыр шертетін дүниелерге қанықты. Өнерпаз бүлдіршіндер “Бақытты балалық шақ” деген атаумен ұйымдастырылған асфальт үстіндегі сурет байқауларына қатысып, бақ сынасты. Ал цирк өнерпаздары меркелік қойылым қойып, кішкентай көрермендерін шат-шадыман көңіл-күйге бөледі.

бақытты балалық шақты бейнеледі
Бақытты балалық шақтың көрінісі

Бұдан кейін балалар күнін атап мерекелеу Сайрам драма театрында жалғасты. Қыл қаламды серік еткен балалар еліміздегі бейбіт өмірді бейнелеп, ұшқыр қиялға ерік берді. Шара соңы бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасына ұласты. Болашақ жұлдыздар сахнада әуелетіп ән салып, мың бұрала би биледі.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz