Жаңалықтар 

Шілдеде бензин қымбаттайды

Шілде айында елімізде бензин қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді. Алайда, шенеунік жанармайдың бағасын нақты қанша теңгеге көтерілетінін әзірге ашып айта алмады. Алдын ала болжам бойынша, бензин 10 пайызға қымбаттауы мүмкін.

бензин қымбаттайдыБензин бағасының өсуін министр мырза Ресейдегі жанармай бағасының қымбаттауымен түсіндіреді. Қазақстан жыл сайын солтүстіктегі көршіден 2 миллион тонна бензин импорттауға мәжбүр. Ал қазір қордағы жанармай мөлшері алдағы бір айға ғана жетеді екен.

Ұзақбай Қарабалин, ҚР мұнай және газ министрі: «Бензин бағасының қаншаға көтерілетінін дөп басып айту қиын. Өйткені, әзірше маусым айынан қалай шығатынымыз белгісіз. Ең бастысы, Ресей тарапынан өзгеріс болмасын деп тілейік, өйткені бензиннің басым бөлігін осы көршілерімізден тасымалдап отырмыз.»

Астанадан жеткен суыт хабар Шымкенттегі көлік жүргізушілерінің де төбесінен жай түсіргендей етті. Бензин қымбаттайды. Демек, азық-түлік бағасының шарықтайтыны да сөзсіз дейді олар.

Ал облыстағы жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы жанармай бағасының шамамен 10-15 пайызға көтерілетінін болжап отыр. Демек, халық көп тұтынатын АИ-92 бензинінің 1 литрін шілдеден бастап 135 теңгеге сатып алуымыз мүмкін.

Қайыпбек Қамбаров, облыстық жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы: «Кедендік одаққа байланысты ондағы мемлекеттердің бағалары келешекте бірдей болады. Бірдей болмаса да бір-біріне жақын болады. Неге десеңіз, бір мемлекетте қымбатырақ, ал екінші мемлекетте баға арзанырақ болса, ол да дұрыс емес болып саналады.»

Анығы сол, алдағы шілдеде Қазақстанда жанармайдың құны қымбаттайды. Ал оның соңынан ел нарығындағы өзге да тауарлар бағасының тулап шығатын әдеті.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz