Жаңалықтар 

Шымкент әуежайында оқу-жаттығу өтті

«Шымкент» әуежайында оқу-жаттығу өтті. Өрт сөндірушілдер жер сілкінісі салдарынан әуежай ғимараты мен жолаушылар ұшағының өртке оранғанда атқаратын іс-әрекеттерін пысықтады. Шараға әуежайдың 40-тан аса қызметкері мен өртке қарсы бөлімнің мамандары қатысты. Оқу-жаттығудың мақсаты — оқыс жағдай кезінде әуежай қызметкерлері мен өртке қарсы қызмет мамандарының өзара іс-қимылдарын нақтылау.

Өрт тұтанған ұшақ
Өрт тұтанған ұшақ

Жер сілікінісі кезінде Шымкент әуежайындағы жолаушылар ұшағынында өрт тұтанды. Соның салдарынан бірнеше адам ауыр жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді. Бұл оқыс оқиға — әуе айлағындағы қалалық төтенше жағдай басқармасының оқу-жаттығу сабағы. Жоғарғы жылдамдық пен жауапкершілікті талап ететін жаттығуға 60 маман жұмылдырылып отыр.

ТЖБ қызметкерлері
Төтенше жағдай қызметкерлері

Ермек Рахымбаев, «Шымкент» әуежайының азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы: «Біздің қалалық өрт сөндіру қызметі және апатты-құтқару жұмысының қызметкерлерімен өзара жұмыс жоспарымыз бар. Егер оқыс оқиға бола қалса, мамандар 10 минут ішінде біздің аумаққа жете алады.»

Оқу-жаттығу барысында әуежайдың алғашқы медициналық жәрдем қызметі де дайындығын пысықтады. Оған қоса әуе қорғанысы, өртке қарсы жасақтарының да дайындығы тексерілді. Ал оқу-жаттығу барысын бақылаған қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшылығы шараға бағасын берді.

Ерік Сарыбаев, қалалық ТЖБ басшысының орынбасары: «Біршама кемшіліктер де жіберілді. Ол кемшіліктер бойынша алдағы уақытта жұмыс жүргізетін боламыз. Ондай кемшіліктерді болдырмауға тырысамыз. Енді бұл стратегиялық аймақ болғаннан кейін және де көп адам шоғырланатын ғимараты бар, көп адамды тасымалдаумен айналысатын болғандықтан, мұндағы қауіпсіздікті сақтау шараларына өте көп көңіл бөлу қажет және көңіл бөле береміз.»

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz