Шымкентте жарымжан жандардың кеші өтті

“Өміріме өнерім серік болған.” Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандардың концерттік кеші өтті. “Шапағат” қайырымдылық қоры ұйымдастырған шарада өнер иелері ән салып, ақындардың өлең жолдарын оқып берді. “Жарымжан жандардың өмірінен 1 сағат” атты қойылым жиналған көпшілікте ерекше әсер қалдырды.

Концерттік шараны жас әнші Гүлхая Жуашбаева әсем әнімен бастады
Концерттік шараны жас әнші Гүлхая Жуашбаева әсем әнімен бастады
көпшілік өнерпаздардың талантына тәнті болып отыр
 

Би қойылым ұсынылды көпшілік назарына

Залда көрермендер лық толды
Залға көрермендер лық толды
Еркінбай Керімбайұлы
Еркінбай Керімбайұлы

Еркінбай Керімбайұлы Шалтан ,”Шапағат” қайырымдылық қорының президенті: “Біз қайыршы емеспіз, біздің өмірде қолымыздан көп шаруа келеді. Ең бастысы, өзімізді-өзіміз баға алатынымызды дәлелдегіміз келеді.  Ал бүгінгі кештен түскен қаржы шығынымызды жабады. Түркістаннан келіп-кететін жолақымыз бар. Ал қорға бүгінде жастар да келіп, мүше болғысы келеді. Біздің қатарымызға қосылып, өнерлерін көрсетікісі келеді-ақ. Бірақ, баратын жеріміз жоқ, олардың сиятын жері жоқ. Шынымызды айтсақ, далада жүрміз. Жеке ғимарат жоқ болған соң, бүгінгі кешті кәдімгі есік алдында дайындадық.”

Мүгедек жандар көрмеге қолөнер бұйымдарын  қойды

Қолөнердің авторы - Мақсат Бейсенбаев
Қолөнердің авторы – Мақсат Бейсенбаев
Еңбектерді сатып алушылар да табылды
Шеберлердің еңбегін сатып алушылар да табылды
Кеш кейіпкерлері түскен қаржыны көмекке зәру жандардың ем-домына жұмсамақ
Кеш кейіпкерлері түскен қаржыны көмекке зәру жандардың ем-домына жұмсамақ

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz