Жаңалықтар 

Шымкенттің жастары Жеңісті жақындатқан ардагерлерді ардақтады

Ешкім де ұмытылмайды! Ұлы жеңісті жақындатқандардың құрметіне орай қала жастары соғыс ардагерлерінің үйіне барып, азын-аулақ сыйын ұсынды.

Жастар ҰОС ардагерлерін ардақтады Бүгінгі бейбіт өмір мен алаңсыз болашақты сыйлаған қазыналы қарттарға жастар жағы алғысын айтты. Зұлмат жылдардың қайта келмеуін Жаратқаннан тілеген қариялар да болашақтың иелеріне батасын берді.

Жалпы саны 226 ардагердің үйіне бас сұққан Шымкент жастары ізеттілік шарасын мұнымен шектеген жоқ. Шаһар басшысының арнайы қаулысымен әрбір ардагердің жеке шотына қазына қоржынынан 111 120 (жүз он бір мың бір жүз жиырма) теңге аударылғанын хабарлады.

Сондай-ақ, арнайы құрылған “Мейірімді топ” жасағы бұдан кейін де Жеңісті жақындатқан әрбір ардагердің үйіне барып, қолғабыс ететін болады. Шара 9-мамырға дейін жалғасады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz