Спорт 

Төрт елдің дзюдошылары Шымкенттің кубогін сарапқа салды

Қала әкімінің кубогін сарапқа салуға келген 4 елдің спортшылары Шымкенттің жеңіл атлетика манежіне жиналды. Олар екі күн бойында татами төрінде сынға түседі. Алғашқы күні төрт салмақ дәрежесінде чемпиондар анықталса, келесі күні ауыр салмақтағылар өзара мықтыларды айқындайды.

Жарыс жеңімпаздары ел құрамасынан орын алуға мүмкіндігі бар

Шымкент қаласының ашық кубогына таласуға Өзбекстанның өзінен 8 команда келген. Сондай-ақ, Қырғызстанның жастар құрамасы да түгелімен осы турнирде бағын сынауда. Тәжікстандық палуандар да бұл турнирден шет қалмады. Еліміздің өзге облыстарынан да 15 команда келіпті. Өйткені бұл дода – алдағы ірі халықаралық жарыстарға алғашқы қадам.

240 палуанның арасынан алғашқы күннің өзінде Шымкенттің қос палуаны алтыннан алқа тақты, жүлделі болғандары да бар. 55 келі салмақта сынға түскен Асылжан Сейдуалы және  70 келідегі  Олжас Рысбек бас жүлдеге қол жеткізді.

240 палуанның арасынан екі жерлесіміз алтыннан алқа тақты
240 палуанның арасынан екі жерлесіміз алтыннан алқа тақты

Бұл жарыс жастар арасындағы ептілерді анықтау үшін өтетін дәстүрлі турнирлердің біріне айналып отыр. Биыл үшінші жыл қатарынан өтуде. Чемпиондар арнайы медальмен бірге қаржылай сыйлықтарға да ие болды. Бірінші орын иелері отыз мың теңгелік сыйақы алды.

Жарысқа төрт елдің спортшылары қатысты

Командалық есепте қарағандылық палуандар бірінші орыннан көрінді. Ал қоржынында екі алтын медалі бар оңтүстікқазақстандықтар екінші орынға тұрақтады. Алғашқы үштікті астаналық спортшылар қорытындылады. Ал шетелдік қонақтар арасында Өзбекстанның палуаны 81 келілер арасында мықты атана білді.

Жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйақы берілді

Ал қазақстандық жастар үшін бұл жарыс Австралияда өтетін халықаралық дода алдындағы іріктеу болды. Оның үстіне үш жылдың ішінде қаланың ашық кубогі жолындағы турнирінің беделі арта түскен. Сол себепті де  татами төрінде белдесуге өз облысының мықтылары келеді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz