Жаңалықтар 

Туристерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Түркістанда ашылған бұл орталықта келушілерге барлық жағдай жасалған. Бір мезгілде 200 адам қызмет көрсетеді. Орталық аумағында автотұрақ, қолөнершілер шеберханасы, келушілерге арналған жатын бөлмелер, намазханалар, асхана, медициналық қызмет көрсету бөлмесі, мал сою орны мен автотұрақ, ішкі демалыс алаңы да қарастырылған. Мәжіліс залы да бар.

019-010

Жаңа нысанның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі А.Мырзахметов Түркістанның туристік әлеуетінің зор екендігін айтып, бұл орталықтың облыстағы туризм саласын дамытуға тың серпін беретінін жеткізді.

019-009

Түркістан қаласының әкімі Бақытжан Әшірбеков мәжіліс залында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады. «Кешен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне өте жақын орналасқан. Туристер саны жылдан жылға артып отыр. Мәселен, саяхатшылар саны былтыр 7000 адамға көбейген. Басты мақсат – туристерге жағдай жасау, оларды қалаға тарту» деп, атқарылған істердің негізгі мақсатын түсіндірді.

019-011

Туристерге қызмет көрсету орталығы 72 бөлмеден тұрады. Нысанның құрылысына 402 млн теңге жұмсалып, бір жылдың ішінде салынған.

Жәнібек НҰРЫШ

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz