Зообақтың қызметшісін ағаш басып қалды

63
Шұғыл түсірілім

Шымкенттегі зообақта 52 жастағы әйелдің үстіне тал құлап, мерт қылды. Бұл оқиға жайында төтенше жағдай департаментінің кезекшісіне суыт хабар таңертеңгі сағат 9-дар шамасында түскен. Оқиға орнына құтқару тобы жеткенімен, олар жәбірленушіге көмек бере алмады.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Өкінішке орай, ағаштың астында қалған азаматша алған ауыр дене жарақат салдарынан тіл тартпай кеткен. Зообақ қызметкерлері мен құтқарушылар ағашты кесіп, марқұмның денесін томардың астынан алып шықты. Қазір қайғылы оқиға бойынша құқық қорғаушылар анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.