Жаңалықтар 

«Қазтрансгаз» заңдастыруға шақырады

«Қаз Транс Газ Аймақ» компаниясы тіркелмеген тұтынушылары үшін заңдастыру жүргізіп жатқанын хабарлайды. Айсұлу Исмаилова заңдастырудың артықшылықтарына әбден қанық болған. Былтыр кейіпкеріміз пысықай мердігерлердің кесірінен жайсыз жағдайға тап болған. Қалай екені белгілісіз, мердігер техникалық құжаттарды рәсімдемей, дербес шот ашып беріпті. «Қаз Транс Газ Аймақтағы» қарбалас жұмысты алға тартқан әккілер құжаттарды құнттап беруге уәде берген. Ал құжаттарды құнттау үшін шапқылауға мойны жар бермеген Айсұлу ол кезде үйінің газбен ертерек қамтылуына ғана қамданған.

казтрансгаз-3Осыған орай тұтынушылардың есе шығындалмасы және газсыз қалмасы үшін газбен қамту мекемесі тіркелмеген тұтунышыларына құжаттарын заңдастыруға шақырады. Газ құбырын өздігінен жалғап алған тұтынушылар басы артық шығындарға тап болады.

Мәселен, 60 шаршы метрлік үй иесі қызмет үшін 6200 теңге, 100 шаршы метр үй 67500 теңге, ал 150 шаршы метр үйдің иесі 71 000 теңге мен 170 000 теңге аралығында төлейді. Ал көлеңкедегі тұтынушылар заңдастыруға қамданбаса, мекеме тиісті шараларды қолға алады.

Заңдастыру әрекеттері қаржылық шығындарды ғана шектемей, қайғылы жағдайлардың да алдын алады. Егер сіз тіркелмеген тұтынушы екеніңізді растайтын түбіртек алсаңыз, басқа шаруаларыңызды ысырып тастап, орайлы сәтті пайдаланып қалуға асығыңыз.

«ҚазТранс Газ Аймақ» мекемесіне ат басын бұрып, заңдастыру жолдарымен танысыңыз. Тиісті мәлімет алу үшін компанияның анықтама қызметіне 45-42-99 нөмірі арқылы хабарласуға да болады. Айта кетейік, бұл хабарландыру дербес шоты бар тұтынушылар үшін де маңызды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz