Жаңалықтар 

“Балдәурен” лагеріндегі бір күн

“Балдәурен” балаларды сауықтыру орталығында балаларды қабылдаудың екінші маусымы басталды. Қазір мұнда шаһар мектептерінен жиналған жүзге жуық балғын түрлі үйірмелерге қатысып, уақытын тиімді өткізіп жүр.

Таңғы сағат 8:30 болды дегенше балалар мен жасөспірімдер орталығында қайнаған өмір басталады. Сапқа тізілген “балдәурендіктер” денесін шынықтырып алып, тамаққа тойынады. Одан соң доп теуіп, шомылу мен түрлі үйірмелерге бастауыштың оқушылары кіріседі де кетеді.

Балдәурен

Сауықтыру орталығында 10 үйірме бар. Ебі мен қызығушылығы басым оқушылар әр түрлі үйірмеге жазылып, осында келген 8 күнін бос өткізбейді. Әрқайсысы бір-бір үйдің еркесімен жұмыс істеу мұндағыларға да оңай емес. Лагерьге келген әрбір баланың тілін тапса – мақсаттың орындалғаны.

балдәурен

“Балдәурен” сауықтыру орталығы балаларды жеті жыл қатарынан қабылдап келеді. Мұнда тынығатын балғындардың 35 пайызы жетім және әлеуметтік жағдайы төмен, сонымен қатар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар.

Ислам Көпжасаров, Шымкент қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының орынбасары: “Балалар келген сәтте бірінші, екінші күндері лагерьге аздап үйренісе алмай қиналып жатады. Ал осындағы балалармен танысып, достасып кеткен соң кетерде бір-бірін қимай, бауыр басып қалатыны бар. Сондықтан мұндай сауықтыру орындары барша балаға керек. Бұл – достықтың мекені. Мұнда келген бала әрі дос табады, әрі кәсіптік те бағдар алады.”

Cауықтыру лагері тамыз айының аяғына дейін жұмыс істейтін болады. Осы 6 маусым бойы балаларды түрлі өнер түріне баулимыз деп отырған мамандар қыркүйекке дейін 500-дей оқушыны қамтымақ.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz